Қарағанды жол полицейлері жүргізушілерге көлік шиналарын ауыстыруды ескертеді

Қарағанды жол полицейлері жүргізушілерге көліктің жазғы шиналарын қысқыға ауыстыруларын сұрайды.

Қарағанды жол полицейлері жүргізушілерге көлік шиналарын ауыстыруды ескертеді

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша алдағы уақытта жауын-шашын, (негізінен қар) боран мен жел, сондай-ақ, еліміздің бірқатар өңірлерінде көктайғақ пен тұман күтілуде. Сондықтан, облыс жолдарындағы көлік құралдарының қозғалысы полиция тарапынан жіті бақылауда, деп хабарлайды Ortalyq.kz.

Ал, жазғы дөңгелекті қысқыға ауыстыру қажеттілігі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Ауа температурасының төмендеуі сонымен қатар, жауын-шашын кезінде жолда мұз қабығы пайда болып, нәтижесінде жазғы резеңкелі көліктердің тез тежелуіне кедергі келтіреді. Мұның соңы қайғылы апаттарға әкеліп соғуы ғажап емес.

Өз тілшімізден