БілімЖаңалықтар

Сертификаттар тізімі толықты

Биыл магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттардың тізімі IELTS INDICATOR (Айтлс Индикатор) және Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест) сертификаттарымен толықтырылды.

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, сертификат алу мақсатындағы тестілер арнайы ақпараттық жүйелер арқылы тек электронды форматта тапсырылады.

Магистратура үшін IELTS INDICATOR бойынша шекті балл 6 ұпайдан кем емес, ал, Duolingo English Test бойынша – 95-тен кем болмауы тиіс. Тиісінше, докторантура үшін IELTS INDICATOR бойынша шекті балл – 5,5 болса, Duolingo English Test бойынша – 85-тен кем емес.

IELTS INDICATOR сертификатының қолданылу мерзімі жалпы 2 жылды құраса, ал Duolingo English Test сертификаты 1 жылға дейін жарамды.

Жалпы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ниеттілер үшін шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат тек докторантура үшін міндетті болып табылады.

Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін IELTS INDICATOR немесе Duolingo English Test халықаралық сертификаттарын ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button