Жаңалықтар
4% автонесие: онлайн өтініш беруге болады
4 пайыздық автонесиеге онлайн өтініш беруге болады. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Ғалымжан Әди мәлімдеді.

Қазақстандықтар 6 ақпаннан бастап autonesie.kz сайты арқылы өтініш бере алады.
– Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасады. Өтініш беруші телефон нөмірін енгізіп, автокөлік өндіруші компанияны таңдап, өтінімге қол қояды. Өтінімнің тіркелуі барысы сайттағы «жеке кабинет» арқылы тексеріледі, – делінген қор мәліметінде.
Жеңілдетілген автонесие шарттары:
– бір автокөліктің құны 15 млн теңгеден аспайды;
– қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден артық емес;
– қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;
– бастапқы жарна – 0 пайыз.