Абай

Шаршы тақтадағы тартыс

Жақында облыстық дойбы федерациясы және Абай ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен онлайн дойбы турнирі өтті..

Тақтадағы тартысқа құрметті спорт қайраткері, ҚР дойбы федерациясының президенті, Қарағанды облысының аға жаттықтырушысы, еліміздің 18 дүркін чемпионы, ардагерлер арасында төрт дүркін ел чемпионы, Азия чемпионы Алла Чуприк төрелік етті.

Сонымен, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Мария Костицына турнир жеңімпазы атанды. II орынды Ерсұлтан Жарылғасынов иеленсе, ІІІ орынды Әділ Батырбеков еншіледі. Сондай-ақ, шаршы тақтадағы тартысқа қатысқан екі спортшы – Әділ Батырбеков пен Софья Рингач «Спорт шеберлігіне үміткер» нормативін орындады.

Өз тілшімізден.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button