Жаңалықтар

30 шілде – 5 тамыз. Апталық жұлдыз жорамал

Тоқты

Бұл аптада сәттілік сіздің жағыңызда. Сондықтан, еш саспай барлық нәрсеге бас сұға беріңіз — акция, лотерея, конкурс, тағысын тағылар… Біреуінен болмаса біреуінен әйтеуір жолыңыз болады. Сауда-саттық жасасаңыз, «сақал сипағанша» оны да соңына сәтті жеткізіп тастайсыз.

Жеке өмірде махаббат ұшқыны қайта маздайды.

Торпақ

Келер жетіде сізге тыныштық пен оңашалық көбірек қажет. Ешкімнің мазаңызды алуына жол бермеңіз. Ұялы телефоннан да демалыңыз. Бір-екі күнді толықтай тек өзіңізге арнасаңыз, қалған күндердің жемісі молырақ болады.

Егіздер

Қаржылық жағынан айыңыз оңынан туғалы тұр. Ең мол табыс әкелетін — жаңа жобалар емес, қолға алынбай қалып жатқан шаруалар. Сондықтан, біраздан бері кейінге ысырып келе жатқан істерді дәл осы аптада қолға алыңыз. Сондай-ақ, бұл жетіні жолға шығып, қысқа қашықтыққа сапар шеккен Егіздер де жақсы өткізеді.

Шаян

Апта басында алға қойған мақсатқа қарай жүрсеңіз, оңай әрі тез жетесіз. Басшылық не туыстарыңыз тарапынан қолдау да қарқынды. Қажет болса, дүйсенбі не сейсенбіде еш қысылмай басшылықпен жалақыңызды өсіру жайын талқылаңыз. Сіздің ұсынысыңыз үстем болу ықтималдығы жоғары.

Арыстан

Апта басында біліміңізді жетілдірумен айналысыңыз. Себебі, дәл осы күндері қызығушылығыңыз бен интеллектуалды қабілетіңіз жоғары. Кез келген нәрсені тез үйреніп, оңай меңгеріп кетесіз.

Бикеш

Апта күндері көтеріңкі көңіл-күймен өтеді. Қолға алған істердің шешімін оңай тауып, тез-ақ тындырып тастайсыз. Материалдық мәселе де мазаңызды алмайтын болады. Қаржылай сыйақы не үстеме еңбекақыңыз қолға тиеді. Оны қайда, қалай жұмсаса дұрыс болатынын өзіңіз жақсы білесіз, әрине.

Сенбі-жексенбіні көптен уайымға салып жүрген маңызды мәселелерді шешуге арнаңыз. Өзгелерден кеңес сұрап, керек жерін түртіп алып, қажетіңізге жаратыңыз.

Таразы

Бұл жұманың барлық күнін махаббатқа мас болып, романтикалық жайлардың әсеріне елтіп жүріп өткересіз. Салдарынан алаяқтарға алданып қалуыңыз мүмкін. Алайда, біздің кеңесімізді ескеріп, сақ жүрсеңіз, ешкім суық қолын сала алмайды қалтаңызға.

Қалтаға ғана емес, қолыңызға да «қарауыл» болыңыз. Бұл дегеніміз — маңызды құжаттарға қол қоймаңыз.

Сарышаян

Бұл аптада ми қыртыстарыңыздағы жаңашыл идеялар тығыны ашылады. Жазып алып үлгерсеңіз болғаны. Бұл — жақсы, әрине. Дегенмен, оларды әзірге қағазға түртіп, ойыңызда қорыта тұрыңыз. Жүзеге асыруға асықпаңыз. Аздап кейінге қалдырған жөн.

Мерген

Сіз үшін өзіңізді дамытуға ең қолайлы күндер келіп жетті. Білім алу, екінші не үшінші жоғары оқу орнына құжат тапсыру, курстарға бару ойыңызда болса, осы аптада үлгеріңіз. Жұлдыздар жақсы мүмкіндік сыйлайды. Туристік сапарға шығып не табиғат аясында демалсаңыз да уақытты жақсы өткізесіз.

Тауешкі

Біз білеміз, сіздің үйде қандай да бір жөндеу жұмысы жасалу кезегін күтіп тұр. Тек өзіңіз жалқаулық танытып жүрсіз. «Рас» десеңіз, аптаның орта шенінде жасап тастауға кеңес береміз. Осы күндері қолға алған кез келген ісіңіз оңай дөңгелей жөнеледі.

Суқұйғыш

Келер жетіде мойныңызға артылған міндеттер, қызықты ұсыныстар мен жобалар, кездесуге шақырулар әдеттегіден көп болады. Соның әсерінен апта күндері байқалмай зуылдап өте шығады. Арасында өзіңізге де уақыт арнауды қаласаңыз, барлық жауапкершілікті мойныңызға ала бермей, кейбірінен бас тартыңыз.

Бұл күндері жеке өмірдегі қарым-қатынаста өзіңізге сенімдірек бола түсесіз.

Балықтар

Маңызды бір жобаның жасаушылары қатарына қосыласыз. Бұл жоба — сіздің көптен бергі арманыңыз да болуы мүмкін. Апта бойы өз күшіңізді жоғары бағалап, мотивацияға тұнып тұрсаңыз, расында да мақтан тұтуға болатын іс тындырасыз.

Байқап көріңіз, өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келді ме?

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button