Тарих

Алаш мұрасы – жинақта

Алаш автономиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай жинақталған тарихи, ғылыми, әдеби-публицистік мұра биыл баспа бетін көрмекші. Бұл туралы алаштанушы Сұлтан Хан АҚҚҰЛЫ әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Тағы да сүйінші, Алаш ұрпақтары! «Алаш» Ұлтазаттық қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның 15 томдық жинағының қалған 12 томын (IVXV тт.) үстіміздегі жылы 5 мың данамен басып шығаруға қаражат бөлініп отыр» делінген жазбада.

Алаштанушының айтуынша, «Әлихан Бөкейхан. Шығармалары – Сочинения» көптомдығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы аясында басылады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button