ЖаңалықтарЭкономика

Капиталдың қозғалысы және шетел банктеріндегі шоттар бойынша валюталық шарттардың есептік тіркелуін жүргізу

Либералды валюталық режимді жүргізу жағдайында резиденттердің валюталық операцияларының және ішкі валюталық нарықтағы жағдайдың мониторингі жүйесін жетілдіру оның ішінде валюталық реттеу режимін оңтайландыру және оған байланысты әкімшілік процедураларды қысқарту басты міндеттердің бірі болып табылады.

Капитал қозғалысы және шетел банктеріндегі шоттар бойынша валюталық шарттардың есептік тіркелуін жүргізу тәртібі туралы ақпаратты экономикалық талдау және статистика бөлімінің бастығы И.Фурман ұсынады.

1. Резиденттердің капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттар үшін есептік нөмірлерді алуы.

Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартта есептік тіркелуге тиіс, оның шеңберінде мыналар көзделеді:

1) мүліктің (ақшаның) Қазақстан Республикасына түсуі және (немесе) резидентте бейрезидентке мүлікті (ақшаны) қайтару бойынша баламасы 500 000 (бес жүз мың) Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) долларынан асатын сомаға міндеттемелердің туындауы;

2) мүлікті (ақша аударымын) Қазақстан Республикасынан беру және (немесе) резидентте бейрезиденттің мүлікті (ақшаны) қайтару бойынша баламасы 500 000 (бес жүз мың) АҚШ долларынан асатын сомаға талаптардың туындауы деп атап өтті И.Фурман.

Егер валюталық шартта қол қою күніне капитал қозғалысы бойынша шарттың сомасы көрсетілмесе, капитал қозғалысы бойынша валюталық шарт есептік тіркелуге жататын шарт болып есептеледі деп атап өтті спикер.

Резидент – капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттың қатысушысы валюталық шартқа есептік нөмір тағайындау үшін тұрақты мекен-жайында орналасқан (жеке тұлғалар үшін) немесе орналасқан жердегі (заңды тұлғалар үшін) Ұлттық Банктің аумақтық филиалына барады.

Капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа есептік нөмір тіркеу құжаттарын толық көлемде ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде тағайындалады деп түсіндірді бөлім бастығы.

2. Резидент-заңды тұлғалардың шетелдік банктердегі шоттар үшін есептік нөмірлерді алуы.

Жеке тұлға, банк, шетелдік ұйымның филиалы (өкілдігі) және «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ашқан шотты қоспағанда, шетелдік банкте банктік, аллокирленбеген шотты ашу шетелдік банктегі шот туралы хабарлауға жатады деп түсіндірді И.Фурман.

Және де, бөлім бастығы капитал қозғалысы бойынша есептік нөмір тағайындау қажет валюталық операциялардың түрлерін атап өтті:

1) қаржылық заемдар;

2) капиталға қатысу;

3) үлестік қатысу және қаржылық бағалы қағаздар мен операциялар;

4) Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлкіне теңелген немесе заңмен жатқызылған қозғалатын мүліктерден басқа, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын алу;

5) жекеменшік объектілеріне толықтай құқық алу;

6) бірлескен қызметтің қатысушысына, сондай-ақ сенім басқарушысына міндеттемені орындауға ақша және басқа мүліктерді беруі;

7) клиенттерге тиісті ақшаны есепке алу үшін және сақтау үшін шоттарға клиенттердің тапсырмасы бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаз нарығының кәсіби қатысушыларына ақша және қаржылық құжаттарды беру;

8) ақшаны және басқа да валюталық құндылықтарды өтеусіз беру;

Есептік тіркелуге байланысты мәселелер туындаған жағдайда «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалына мына телефон нөмірлері бойынша 55-93-20, 55-93-37 және 41-91-84 хабарласуды сұраймыз.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»

РММ Қарағанды филиалының баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button