Жанашырлықтың жарқын үлгісі
Қарағанды облыстық мәслихатының VI шақырылым депутаттарының басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының кадрлық резервінен ұсынылған. Партияның сайлауалды платформасы, ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі депутаттардың аймақтардағы сайлаушылардың сұраныстарын орындау бойынша негізгі құжаттары болып табылады.
Облыстық мәслихат депутаттары Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы бастамасымен қолға алған жобаларды облысымыздың түпкір-түпкірінде жүзеге асыруда.
Жаңа партиялық бастамалардың ең басты ерекшеліктерінің бірі – олардың облыс орталықтарында ғана емес, ауылдық жерлерде де жүзеге асырылуында. 17 ауылдық округтен келген 800-ге таяу бала екі жыл қатарынан Ақтоғай ауданының табиғаты сұлу аймақтарының бірі Бектауата тау шатқалында орналасқан қала сыртындағы маусымдық «Факел» балалар сауықтыру лагерінде өздерінің денсаулықтарын түзеп, жазғы демалыстарын өткізуде.
Биылғы маусым облысымыздың 18 өңірінен келген 300 оқушы мен педагогтердің қатысуымен өткен туристік-өлкетану экспедициялық жасақтардың «Менің Отаным – Қазақстан» атты облыстық форуммен басталды. Форумның жұмысына 20 команда қатысты. Олар – жарыстың аудандық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары. Барлық командалар аймақтық деңгейде жеңіске жетіп, облыстық форумға қатысқандары үшін «Intellektum» зияткерлік ойындар кабинетін сатып алуға арналған 1 млн. теңгенің сертификаттарымен марапатталды. Облыс әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасымен барлық қатысушы командаларды ынталандыру үшін 20 млн. теңге бөлінді.
Форумның аясында облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова «Жас Отан» Жастар қанатымен бірге «Белсенді жастар саясаты» және «Үштілділікке көшу» атты екі партиялық жобаны өткізді. «Нұротандықтандармен» бірге ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын енгізу ниетімен арнаулы жазғы лагерьлерді енгізу бойынша 30-дан астам волонтер келді. Ауыл балалары мен мұғалімдеріне Белсенді өмір сүру және демалу дағдыларын меңгеруге арналған әр алуан семинар-тренингтер формасындағы тілдік орта құрылды. Үш тілде әртүрлі зияткерлік және жағдаяттық ойындар ұйымдастырылып өткізілді. Ал, «жасотандықтар», үкіметтік емес ұйымдардың волонтерлері «Қарағанды облыстық туристік клуб» ҚБ жетекшісі Сергей Павловичпен және «Шашубай жасампаздығы» ҚБ жетекшісі Юлия Когаймен бірге спорттық-туристік жарыстарды және Қазақстанның географиялық мінажат орындары қатарына енген Бектауата тау шатқалдары мен үңгірлеріне форум қатысушыларының экспедициясын ұйымдастырды. Сол сияқты балаларға спортпен айналысу, кітап оқу, дұрыс тамақтану, өзара көмек пен демеу, патриотизм сияқты бес дағдыны бойға сіңіру бойынша ұйымдастырылып өткізілген «Бес асыл іс» партиялық жобасы ерекше қызықты, ерекше әсерлі, ең бастысы, аса пайдалы болды.
«Аймақтарда МЖС кеңейту» партиялық жобасының аясында №27 Нұра сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты, «Шахтерское» ЖШС директоры Георгий Прокоп лагерьдің инфрақұрылымын едәуір жаңартып берді. Туристік шатырлар, түнемел қаптар, рюкзактар, түйіншектер тоқу үшін арқандар сыйға тартты. Осы сыйлықтың арқасында облыстық форумның 235 қатысушысы «Туристік блок» байқауын өткізу барысында алға қойылған міндеттерді орындауда, ептіліктері мен біліктерін сынға салуда тең мүмкіндікке ие болды. Бұл – ауылда еңбекқор да беделді ізбасар болар жастарды тәрбиелеуде жігерін аямайтын, белсенді азаматтық ұстанымы бар үлкен жүректі адам. Ол кезекті рет осындай ауқымды іс-шараны өткізуде облыс педагогтері мен балаларына шынайы пейілімен демеу көрсете білді. Ол – қоғамымыздың қоғамдықсаяси өміріне әрқашан белсене атсалысатын азамат, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ Саяси кеңесінің мүшесі, Нұра ауданының ғана емес, барша облысымызға демеу көрсететін үлкен меценат.
Бүгінгі таңда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік – инфрақұрылымды, оның ішінде, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың негізгі механизмі. Бұл жобаның аясында мүдделес депутаттар тобы Ақтоғай ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған тамаша тарту жасады. Ауыл балаларына арналған жасанды жасыл желек төсеніші бар, ауданы 40х20 болатын футбол алаңын сыйлады. Бұл әмбебап спорт алаңқайында жазғы маусымда көңілді старт ойындарын, гандбол мен теннис, ұлттық спорт ойындарын ойнауға болады. Футбол алаңының жазғы маусымда да, суық мезгілде де қайта құрастырылып, қайта жабдықталуы балалардың, тұрғындардың денсаулығын нығайту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Балаларға жанашырлық танытқан депутаттар қатарында Т.Әшімов, Н.Иманов, Б.Алтынбеков, А.Бойко бар.
Төлеген Әшімов – Қарағанды қаласы мәслихатының депутаты, «Аспап» ӨК директоры, «Тамды Арқа» және «Жәрдемдесу» қоғамдық бірлестіктерінің басшысы, Қарағанды облысының облыстық ауыр атлетика федерациясының жетекшісі. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың «Қарағанды облысы құрылысшыларының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігін басқарады. Әшімовтің қолтаңбасы облысымыздың мектептер, балабақшалар, тұрғын үй кешендері сияқты көптеген әлеуметтік объектілерінде анық байқалады. Өз ісіне деген зор жауапкершілік, құрылыс саласындағы сапалылық, эстетикалық және жоғары кәсібилік – Төлеген Мұқатайұлына тән жұмыс стиліне қойылар критерийлер. Турасын айтқанда, Ақтоғай ауданының Сарышаған кентінде 460 орынға арналған орта мектептің құрылысы «үздік» деген бағамен қолданысқа берілді. Құрылыс барысын сараптау мақсатымен объектіге келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Р.Әбдікеров пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Дулатбеков құрылыс сапасына жоғары баға берді.
Нұржан Иманов облыстық мәслихаттың депутаты, «Қарағанды Жарық» ЖШС бас директоры. Өзінің жастығына қарамастан, «ТМД еңбегі сіңген энергетигі», «ҚР Құрметті энергетигі» марапаттарының иегері.
Бұл азамат – креативтіліктің, үздіксіз білім алушылық пен кәсібиліктің, жас басшының өмірлік сұраныста болуының айрықша үлгісі. Оның жетекшілігімен екі инвестициялық бағдарлама жүзеге асырылды. 2008-2010 жылдар аралығында ЖЖ-220 құрылысы басталған болатын. Қарағанды қаласында қуаты 110 кВт болатын сыртқы электрожабдықтау орталығының 1-ші кезеңі салынып, пайдалануға берілді. Ал, 2011- 2015 жылдары ЭҚЕАЖ (электр қуатының коммерциялық есебінің автоматты жүйесі) 2-ші және 3-ші кезеңдері аяқталды. «Жарық» 220 кВ ПС және оны жеткізу желілерінің құрылысы, «Сантехническая» 110 кВ ПС құры лысы, жұмыс істеп жатқан 6 подстанцияны қалпына келтіру, Қарағанды қаласының 10- 6-0,4 кВ таратушы электрожелілерінің техникалық құралдандырылуы және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. ISO 9001:2008 стандартына сәйкес «Сапа менеджментінің жүйесі», «Еңбек қорғанысын басқару жүйесі», «Кәсіби қауіпсіздік пен еңбек қорғанысы менеджментінің жүйесі (OHSAS)», «Энергоменеджмент жүйесі» енгізілді.
Бүгінгі таңда 2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама енгізілуде. Ісіне берік депутат ретінде өзінің сайлаушыларының дұрыс таңдауын қолдай отырып, халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін арттыру үшін бар жігерін салуда. ҰОС ардагерлеріне, Ауғанстан соғысының ардагерлеріне, Чернобыль апатын жоюға қатысқандарға, балалар үйіне әрдайым материалдық көмек көрсетіп тұру, атап айтқанда, ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, тұрмыстық техника, тәрбиеленушілерге ойыншықтар мен киімдер сатып беру – атқарылған ізгі істердің бірқатары ғана. Ақтоғай ауданының аграрлық секторының экономикасын дамытуға жан-жақты демеу көрсетуде, аудан орталығында мешіт құрылысы жүріп жатыр. Өткен жылы Бектауата тау шатқалындағы «Факел» лагерінің ағымды жөндеу жұмыстарына үлкен демеу көрсетті.
Осындай парасатты жанның жан-жақты зияткерлігі де таң қалдырады. Оның бастамасымен Қарағанды қаласында жыл сайын кез келген азамат өзінің шығармашылығын паш ете алатын граффити байқауын өткізу дәстүрге айналдырды.
Бекзат Алтынбеков – облыстық мәслихаттың №29 Театралды сайлау округі бойынша депутаты, Жезқазған қаласының Қазақ жол қатынастары университетінің Қашықтықтан оқыту және кәсіби бағдарлау орталығының директоры, «Жезқазған бизнес және транспорт колледжі» ЖМ кәсіби-орта білім беру мекемесінің құрылтайшысы.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Ассамблеяның «Бірлік» алтын медалінің иегері, Жезқазған қаласының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы. Білім меценаты, «Алтын Жүрек» Ұлттық сыйлығының иегері. 2011-2017 жылдар аралығында Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.
Алуан түрлі салада қала мен ауылдардың дарынды балаларына демеу көрсету бойынша көп жұмыстар атқаруда. Жыл сайын оқушылар арасындағы, студенттер мен жұмыс істейтін жастар арасындағы зияткерлік шығармашылық байқаулардың, ғылыми-зерттеу жобалардың жеңімпаздарына атаулы сыйлықтар тағайындайды. Ол – әлеуметтік саладағы іс-шараларға демеу көрсететін үлкен меценат. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау нәтижесін арттыру үшін шаралар қолданып, халықтың қамтылуын белсенді түрде кеңейтуде. Істәжірибесі мол кәсіпкер ретінде үнемі бел сенді позиция ұстанады. Оның жетекшілігімен аймақтарда «Нәтижелі еңбекпен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлердің жобасы жүзеге асырыла бастады. 2012 жылы Алтынбековтер отбасы облыстық «Жыл отбасы» байқауының гранпри жүлдесіне ие болды.
Александр Бойко – облыстық мәслихаттың №28 Саран сайлау округінің депутаты, Саран қаласының «Карат» ЖШС директоры. Александр Тихоновичтің жетекшілігімен «Карат» ЖШС-да ел аумағында бұрын-соңды әзірленбеген бәсекеге қабілетті өнімнің жаңа түрлері құрастырылып, өндіріле бастады. Жасанды спорттық жаппалар, шыны-пластикалық хоккей қораптары, жабық спорттық алаңдарға арналған қаңқасыз аркалы құрылғылар, балаларға арналған ойын манеждері мен көше тренажёрлері. Кәсіпорынның өнімдері Қазақстанда, ТМД елдерінде, сонымен қатар, шетелде өткен әртүрлі көрмелер мен жәрмеңкелерде бірнеше мәрте сапа куәлігі мен дипломдарға ие болған. Шетелде жасанды спорттық жаппаны «Қазақстанның жасыл жауһары» деген мәртебелі атаумен атайды. Облысымыздың барлық қалалары мен аудандарында, барша кенттері мен ауылдарында балалар мен ересектер үшін спортпен және дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуға арналған алаңдар жабдықталған. Өнімнің сапасы мінсіз! Бұл уақытпен де, мамандармен де, тұтынушы адамдармен де тексерілген. Бектауата тау шатқалындағы «Факел» лагеріндегі балалар да көше тренажерлерінде белсене жаттығу жасап, биіктігі 6 метрлік скаладромда тауға шығу дағдыларын игеруде.
«Аймақтарда МЖС кеңейту» партиялық жобаның шеңберінде облыстық мәслихаттың №9 Теміржол сайлау округінің депутаты, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ филиалы «Магистральді желінің Қарағанды бөлімшесінің» директоры Айдос Майқыбеков өзінің жерлестерімен біріге отырып, Ақтоғай ауданының 90 жылдық мерейтойына орай балалар ойын кешенін сыйға тартты. Балалардың қуанышында шек жоқ, алған әсерлері керемет болды. Мұндай салиқалы қадамның өз қисыны бар. Үлкен кәсіпорынның басшысы ретінде Айдос Мұқатайұлы үнемі өзінің теміржолшылар ұжымындағы қызметкерлер мен жұмысшы персоналдарға қатысты барлық әлеуметтік мәселелерді шешіп отырады. Облысымыздың жалпы білім беретін орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында ҚТЖ-ның тек елімізде ғана емес, шетелде де оң имиджге ие екенін хабарлай отырып, кәсіби бағдарлау жұмыстарын өткізеді. Сонымен қатар, өз округінің сайлаушыларымен белсенді жұмыс істейді. Олардың жұмыспен қамтылу мәселелерін оң шешіп, студенттерге оқу үшін төлем жасау, ҰОС мен еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлер мен мүгедектерге моральдік және материалдық көмек көрсету сияқты әлеуметтік маңызды іс-шараларға белсене атсалысып тұрады. Туған елінің патриоты екенін сөзбен емес, іспен дәлелдейді. Ол ауыл адамдарының қамын бір сәт естен шығарған емес. Ауыл ақсақалдары мен көпбалалы аналарға, жастарға ұдайы демеу көрсетуде. «Біз жасамасақ, кім жасайды?» деген белсенді өмірлік позицияны ұстанады.
Үнемі балалардың жанынан табылатын, жылы лебізімен де, ісімен де көмек беруге дайын басшылар аз емес. Бұлар – көпшіліктің құрметіне ие болған, Балқаш қаласының азаматтары, облыстық мәслихат депутаты, «Атамекен» Ұлттық Палатасы филиалының директоры Александр Аларин, «Нұрасыл» ЖШС директоры Азамат Төребеков, «Жібек Жолы» ЖШС бас директоры Серік Қасымбеков, Балқаш қалалық мәслихатының депутаты, жеке кәсіпкер Жармолда Мырзабеков, Александр Пестряков, Георгий Морозов, «Элком Балхаш» ЖШС директоры Александр Моисеенко, «Арыстан V.I.P. Строй» ЖШС директоры Андрей Сокульский, «Абсолютстрой» ЖШС директоры Константин Богданов, «Кадар» ЖШС директоры Абай Омаров және тағы басқалары.
Менің әріптестеріме тән айнымас бір белгі – олардың жанашырлық қасиеті. Бұл – адамның мәдениеттілігінің ең маңызды бөлігі. Олар біздің балаларымыздың кішкентай жүректерінен лайықты орнын тапты. Әр сыйлыққа эмоционалдық қамқорлық, бөлінген уақыт пен дәл осы сыйлық ерекше қуаныш сыйлайды деген үміт ұялаған. Бұл бір адам екінші адамға өмірінің бір бөлшегін сыйлағанмен бірдей. Тіпті, өз энергиясын, жігерін береді деген түсінікпен тең. Және де сол энергияны әрі қарай пайдалана білу керек. Сыйлық, әсіресе балалар үшін еш риясыз, адал ниетпен, шын жүректен жасалса, бәрі сиқырлы ертегідей болады. Пайдакүнемдігі мен есебі қатар жүретін осы заманда игілікті істердің бір бөлшегі болғанымды мен мақтан тұтамын. Біздің тағдырымызда болатын игіліктер, шын мәнінде, белгілі бір адамдардың қол ұшымен жүзеге асып жатады. Біздің армандарымыз сиқырлы түрде орындала бастайды. Ал, бізді қоршаған орта сұлулана түсіп, оған өзінің шынайы өмірін ізгі істермен толтыратын адамдарды тарта бастайды.
Жаз да аяқталды. Жаңа оқу жылының басында еліміздің түпкір-түпкірінде республикалық «Мектепке жол» акциясы жүзеге асырылды. Өзімнің әріптестеріме балаларға тарту еткен сыйлықтары мен қуаныштары үшін, демалуға және өздерінің денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік жасағандары үшін алғысымды айтамын. Себебі, кез келген мемлекеттің баға жетпес байлығы – балалар. Бүгінгі бала – ел ертеңі.
Айман ТҮКБАЕВА,
облыстық мәслихат депутаты,
«Нұр Отан» партиясы ҚОФ Саяси кеңесінің мүшесі.