Саяси кеңес жұмысы сараланды
Жақында «Нұр Отан» партиясы Қарқаралы аудандық филиалының ХХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Конференцияның күн тәртібінде, «Нұр Отан» партиясы Қарқаралы аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарылған жұмыстары, Саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлау, сондайақ, «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды.
Аудандық партия филиалының 30 бастауыш партия ұйымынан сайланған делегаттарға, партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Х.Мақсұтов, Саяси кеңестің атқарылған жұмыстары бойынша есеп беріп, Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы жүктеген міндеттерді орындау шараларына тоқталды.
Жарыссөзге қатысқан Угар селолық округі бастауыш партия ұйымының төрағасы Ж.Рахымбековтің, аудандық партия филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің төрағасы, аудандық депутаттық фракциясының мүшесі, аудандық мемлекеттік мұрағат бөлімшесінің басшысы М.Кәрімнің баяндамалары тыңдалды. Саяси кеңестің есептік кезеңдегі атқарылған жұмысы қанағаттанарлық деп танылды. Келесі кезекте аудандық партия филиалының кадрлық резерві мүшелерінен, Саяси кеңестің жаңа құрамы сайланып, облыстық партия филиалының есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар ұсынылды.
Сағыныш Әбілова ,
«Орталық Қазақстан»