Қарқаралы

Ет экспорты: көрсеткіш жоғары

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне маңыз берілді. «Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек. Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту», – деді Президент.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қарқаралы ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға барынша көңіл бөлінуде. Мәселен, етті бағыттағы мал өсіру әрі оның етін экспортқа шығаруға мықтап ден қойылуда. Қарқаралы ауданының фермерлері бекітілген жоспарды артығымен орындап келеді. Жыл басында экспортқа 142 тонна ет тапсыру міндеттелсе, бүгінгі күні 502 ірі қара тапсырылды. Жалпы салмағы – 156,4 тонна. Сонымен қатар, 1920 қой (38 тонна) өткізілді. Яғни, 194,4 тонна ет экспортқа тапсырылып, жоспар 137 пайызға орындалды.

Ет тапсыру мұнымен шектелмейді. Тиісті жұмыстар жалғасын табады.

Сағыныш ӘБІЛОВА,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button