Білім

Үздіктерді үкілеген «Ел үміті»

Елбасының «Ел Үміті» бастамасы шеңберінде биыл алғаш рет Myń bala республикалық ұлттық олимпиадасы өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба еліміздің үздік мектептерінде білім алу үшін ауылдық жерлерден мыңдаған 5-6 сынып оқушысын жыл сайын анықтауға бағытталған.

Олимпиада ұйымдастырушысы – «Елбасы Академиясы» қоры.

21 тамызда Myń bala республикалық ұлттық олимпиаданың екінші облыстық кезеңі өтті. Қарағанды облысында бірінші турға 8 320 оқушы қатысты. Екінші турға 200 мектеп оқушысы өтті. Олардың 170-і сайысқа түсті.

Олимпиада НЗМ ХББ (Қарағанды), №9 тірек мектебі (Жезқазған), Б.Амалбеков атындағы орта мектеп (Жаңаарқа) және Балалар және жасөспірімдер орталығы (Қарқаралы) базасында өтті.

Екінші турдың барлық қатысушыларына El Úmiti дамытушы онлайн-платформасындағы курстарға тегін қолжетімділік берілді.

Myń bala олимпиадасының республикалық кезеңінің мыңдаған жеңімпаздарына дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу ұсынылады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button