Спорт

Шынығу һәм шығармашылық

Спорт күні қарсаңында жарияланған «Спорт – менің өмірім» атты сурет салудан облыстық байқау мәресіне жетті. 5 пен 18 жас аралығында өткен дода, қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінген. Ал, аймақ бойынша барлығы 136 жұмыс келіп түсіпті. Жас суретшілердің туындылары karsportpress (facebook), karsportregion (instagram) парақшаларына жарияланып, жеңімпаздар көпшіліктің дауыс беруі арқылы анықталды.

Байқау шарты бойынша үміткерлер спорт тақырыбы аясындағы туындыларын ұсынуы керек еді. Келіп түскен жұмыстар спорттың әр түрі бойынша қамтылыпты. Жеңіл атлетиканы бейнелеген Айсұлу Мұхаметжанова әлеуметтік желі арқылы 357 дауыс жинап, жеңімпаз атанды.

«Мен сурет салуды жақсы көремін. Жеңіл атлетиканы жақсы көргендіктен, тақырыпқа соны негіз еттім. Өскенде сурет сабағынан мұғалім болғым келеді. Қуанышымда шек жоқ. Жеңісімді ата-анам және туыстарыммен бөлісемін» – деді ол.

8 жасар Дарья Мирошниченко кіші топтың арасынан 319 дауыс жинап, жеңіске жетті.

«Маған спортпен айналысқан қатты ұнайды. Көпшілікті салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын. Әрқашан белсенді, шапшаң болып жүресің» – деді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан арнайы бағалы сыйлықтар мен Мақтау қағаздары табыс етілді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button