Жаңалықтар

Қарияларға ізет көрсетілді

        Жылдағы дәстүр бойынша халықаралық Қарттар күні Бесоба ауылында өз мәнінде аталып өтті. Алғашқы болып сөз алған ауыл әкімі А.Ақатаев өңірдің өркендеуіне  еңбек сіңірген қарияларға ыстық ықыласын жеткізді. Бұдан соң мерейтой иелерінің иығына шапан жау­ып, Алғыс хаттармен марапаттады.

      Мерекелік концерттің шымылдығы  әжелер ансамблінің орындауындағы әнмен ашылды. Сонымен қатар, Қарағанды қаласынан арнайы келген өнерпаздар, ауылдың түлектері Ш.Тойжанова, Е.Тезекбаев, М.Адамбековтің шәкірті А.Рымғали көпшіліктің құлақ құрышын қандыра домбырамен әуелете ән салып, халық қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, өнер иелері Е.Сепкрай, А.Оханов, К.Әбілқасымова, Ш.Тұяқ, К.Қанапиялар да ән мен жырдан шашу шашып, жұртшылық жанын жадыратты. Мерекелік кештен соң мешіт үйінде дастархан жайылып, үлкендерге сый-құрмет көрсетілді. Игі іске зейнеткер ана Н.Исатаева мен ауыл әкімдігі мұрындық болды.

Тұрсын ЖАҚЫПБЕКОВА.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button