Білім

Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстың нәтижелері жарияланды

Комиссия шешімі негізінде 10 202 адам грант иегері атанды. Жоғары конкурс нәтижелері педагогтерді даярлау, құқық, менеджмент, ақпараттық технологиялар, филология, аударма ісі бағыттары бойынша өтті.

Кешенді тестілеудегі ең жоғары көрсеткіш «Шет тілі педагогтерін даярлау» бағыты бойынша оқуын жалғастыруға ниетті азаматта тіркеліп, 134 балды құрады (150 балдың ішінен), ал ең төменгі көрсеткіш – 75 балл (ветеринария бағыты бойынша) болды.

8 қыркүйектен бастап әкімдіктердің гранттарына құжаттар қабылданады.

11 қыркүйекте жоғары оқу орындарына қабылдау аяқталады.

14 қыркүйекте магистранттар үшін жаңа оқу жылы қашықтан білім беру форматында басталады. Дегенмен лабораториялық жұмысты қажет ететін түрлі бағыттар үшін қазан айынан бастап ішінара қашықтан оқыту форматы қолданылуы мүмкін. Нақты ақпаратты ЖОО алуға болады (толығырақ: https://t.me/edu_news_qz/971). 

Грант иегерлерінің тізімі.

ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button