Абайдың 175 жылдығына арналған жас қаламгерлердің республикалық шығармашылық байқауы

«Педагогикалық ғылымдар академиясы» ҚБ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен жас жазушы, ақын, журналист және елдің барлық аймағында тұратын 16-29 жас аралығындағы жастардың басқа да санаты арасында Абайдың 175 жылдығына арналған жас қаламгерлердің республикалық шығармашылық байқауын өткізеді.

Байқау қорытындысы 2020 жылдың қазанында шығарылады. Байқауға Ұлы Абайдың шығармашылығына қатысты 2 өлең (ақындар үшін) немесе 2 шағын проза (жазушылар үшін) қабылданады. Шығарманың тілі: қазақша және орысша. Жұмыс баспа немесе электронды нұсқада ұсынылады.

Байқауға қатысу үшін байқаудың Ұйымдастыру комитетіне өтінім беру қажет.

Жеңімпаздарға бір – бас жүлде, бір І, бір ІІ, бір ІІІ орын беріледі.

Байқау 2 кезеңде өткізіледі: іріктеу және қорытынды. Іріктеу кезеңі өңірлерде – 10 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында. Қорытынды кезең 1-20 қазан аралығында өткізіледі. Оның нәтижесі – 3 жүлдегерге республикалық байқауға жолдама беріледі.

Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

– байқауға ұсынылатын құжат тардың толық пакеті бар өтінім ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайына жіберіледі: Аbay175karagandy@mail.ru

– мәтіндік құжаттың форматы: word for Windows 6.0 және одан жоғары нұсқасы Times New Roman №14 қарпін, интервал 1 қолдану қажет;

– жұмыс көлемі: 12-ден 40-қа дейінгі өлең жолдары немесе шағын проза;

– Word for Windows мәтіндік құжаттағы суретті jpg немесе PDF форматында қосымша ретінде жіберу қажет.

Толық құжаттар пакетімен өтінімді Ұйымдастыру комитеті 2020 жылғы 25 қыркүйек, сағат 18:00-ге дейін қабылдайды.

Қазылар алқасы бас жүлде, І, ІІ және ІІІ орын иегерін анықтайды және жеңімпаздарды дипломмен және арнайы сыйлықпен марапаттайды:

Жүлде қоры:

– бас жүлде – 500 мың теңге.

– 1 орын – 300 мың теңге.

– 2 орын – 200 мың тгеңге.

– 3 орын – 100 мың теңге.

Ескерту: байқау онлайн жағдайында өткізіліп, қаржы үнемделген жағдайда жүлде қоры ұлғаюы мүмкін.

Байланыс ақпараты: Электрондық пошта: Аbay175karagandy@mail.ru 8-702-271-21-71Whatsapp