Жаңалықтар

Журналистер – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Коллажды жасаған Шынар Адамбекова

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі таңда қазіргі қоғамды сапалы және сенімді ақпаратсыз елестету мүмкін емес. Сіздер күн сайын оқиғалардың ортасында, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін жедел жариялап, мемлекетіміздің жетістіктері туралы айтып, өзекті тақырыптарды көтересіздер. Осы арқылы мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогтың қалыптасуына ықпал етесіздер.

Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында өңір тұрғындары болып жатқан оқиғалар туралы объективті ақпаратты уақытылы алады. Сіздердің еңбектеріңіз терең білім мен шығармашылықты ғана емес, сонымен қатар, жоғары азаматтық жауапкершілікті, адалдықты және мамандыққа адалдықты қажет етеді.

Осы орайда, отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудың берік іргетасын қалап, журналистердің жас буынын тәрбиелеген журналистика саласы ардагерлерінің елеулі еңбегін де айта кеткен жөн.

Біздің облыстың медиа кеңістігінде өз ісіне шын жүректен берілген талантты мамандардың жұмыс жасайтыны қуантады. Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз және туған өлкенің тағдырына бей-жай қарамауларыңыз қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудың маңызды факторы болып табылады.

Мереке күні сіздерге зор денсаулық, ба­қыт, амандық, сарқылмас шабыт, жаңа шы­ғармашылық жетістіктер мен қызық­ты жобалар мен кәсіби табыстарды ті­лейміз.
Мереке құтты болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button