Жаңалықтар

18-20 сәуір аралығында күн 29 градусқа дейін ысиды

Қазгидромет синоптиктері 18-20 сәуір аралығына арналған күш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ortalyq.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап. 

Сурет: medvestnik.by

Республика аумағының көп бөлігі кең антициклонның ықпалында болады. 

Сондықтан жауын-шашын тоқтап, күндізгі ауа температурасы жоғарылайды.

Тек қиыр солтүстікте, шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыс тауларында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, жаңбыр немесе қар жауады. 

Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады, күндізгі уақытта найзағай жарқылдайды.

Республика бойынша жел күшейеді.

Термометр бағаны түнде температураның ауытқуын көрсетеді.

Күндіз батыста, оңтүстікте температура 25-30 градус жылыға дейін, еліміздің солтүстігінде 20-25 градус жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 23-29 градус жылыға дейін айтарлықтай көтеріледі. 

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button