Бас тақырыпЖаңалықтар

17 адамды сан соқтырған қажылық сапарының жалған ұйымдастырушысы сотталды

Астанада өзін қажылық (умра) сапарын ұйымдастырушы ретінде көрсетіп, азаматтарды алдаған ер адам сотталды деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі Zakon.kz -ке сілтеме жасап.

Сурет ЖИ

Астанадағы сот материалдарына сәйкес, айыпталушы адамдарға әуе билеттері мен қонақүй орындарын рәсімдеп беремін деп уәде берген. Алайда ешқандай қызмет көрсетпей, қаражатты иемденіп кеткен.

Жалпы келтірілген шығын көлемі 7,4 млн теңгеден асады. Алаяқтың әрекетінен 17 азамат зардап шеккен, олардың арасында түрлі өңірлерден келген отбасылар бар. Кейбірі қарт ата-аналарын қасиетті умра сапарына жіберуді жоспарлаған.

Сот барысында ол өз кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды өтеген. Нәтижесінде сот оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі.

Прокуратура азаматтарды маңызды сапарларды тек лицензиясы бар ресми туристік агенттіктер арқылы рәсімдеуге шақырады. Мамандар белгісіз тұлғаларға ақша аудармау қажеттігін ескертеді.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button