Қарағанды

Қарағандылықтар Астана қаласында өтіп жатқан жәрмеңкеге қатысуда

Қарағанды облысының 164 фермерлік шаруашылығы мен қайта өңдеу кәсіпорны, 7 ауданы мен 4 қаласы 22-23 қазанда Республика күнін мерекелеу қарсаңында өтетін Астанадағы жәрмеңкеге қатысуда.

Жәрмеңкеге 678 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілгенін айту керек. Оның ішінде 118 тонна ет, 5,5 тонна балық және балық өнімі, 200 мың дана жұмыртқа, 13 тонна сүт өнімі, 430 тонна картоп, 95 тонна көкөніс және 16 тонна өзге де өнімдер бар.

Биылғы көктемгі және жазғы қиын климаттық жағдайларға қарамастан, облыс фермерлері егіс және егін жинау науқандарын сапалы және уақтылы өткізді. Нәтижесінде, 885 мың тоннадан астам астық, 291,7 мың тонна картоп, 58,1 мың тонна көкөніс жинап, аймақтың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етті. Бұған цифрлық технологияларды, жоғары өнімді тұқым сорттарын қолдану, минералды тыңайтқыштар енгізу алаңдары мен суармалы жерлер алқаптарының ұлғаюы арқасында қол жеткізілді.
Одан бөлек, ірі қара мал 2 4,1%-ға, жылқы – 10,6%-ға, қой – 3,8%-ға –өскенін айту керек.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button