АймақЖезқазғанРуханият

Жезқазғанда білім, мәдениет және БАҚ қызметкерлері “Тұлға” сыйлығымен марапатталды

Жезқазғанда “Тұлға” сыйлығын табыс ету салтанатты рәсімі өтті. Бұл – білім беру, мәдениет, өнер және БАҚ саласы қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалайтын шара. Іс-шара Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына және Абайдың 175 жылдығына орайластырылды.

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы шеңберінде сыйлықтың негізін қалаушы және іс-шараның ұйымдастырушысы белгілі меценат, Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Бекзат Алтынбеков болды.

Сыйлықты тапсыру рәсіміне театр және киноның танымал актерлері, мәдениет, білім және БАҚ ардагерлері, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері мен қоғам қайраткерлері шақырылды.

“Тұлға” сыйлығы иегерлерінің есімдері салтанатты түрде жарияланды. Биыл жоғары марапатқа ие болғандар:

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, “Құрмет” орденінің кавалері Меруерт Өтекешова;

М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры (Семей қ.) Шағангүл Жанаева;

Белгілі ақын Серік Ақсұңқарұлы;

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Сәуле Мешітбаева;

Қоғам қайраткері Назипа Шанай.

Сыйлық иелеріне мүсіншелер, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық табысталды.

Іс-шара барысында сонымен қатар БАҚ, білім, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері атаулы сыйлықтармен марапатталды.

БАҚ және мәдениет саласында:

Камал Смаилов атындағы сыйлық – талантты журналист Байкал Баядилов;

Сәбит Байдалин атындағы сыйлықтың иегері – Қарағанды облыстық “Қазақстан” РТРК” АҚ филиалының директоры Берік Дүйсетаев;

Зулпа Чумакова атындағы сыйлық – “Жезқазған жаршысы” газетінің бас редакторы Эльвира Алпанбаева;

Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықпен – Ұлытау ауданының Құрметті азаматы, айтыскер, республикалық және халықаралық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Мұқаш Сейтқазинов;

Мұқан Иманжанов атындағы сыйлық – “Сарыарқа” газетінің редакциясы” ЖШС директоры Дархан Мұхан;

Аппаз Қаражігітов атындағы сыйлықтың лауреаты “Шабыт” фестивалінің жеңімпазы Танакоз Толқынқызы марапатталды.

Болашақ ұрпақты тәрбиелеуге және білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталғандар:

“Құрмет” орденінің иегері және Ы. Алтынсарин білім беру саласына еңбек сіңірген қызметкері төсбелгісінің иегері Айман Түкбаеваға;

Қабден Шыңғысов атындағы сыйлықпен Балқаш қаласының № 15 мектеп-лицейі директорының “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” Қарлығаш Дүбірбековаға;

Нұрия Жұмажанова атындағы сыйлық  Нұр-Сұлтан қаласының Әлихан Бөкейханов атындағы №76 мектеп-лицейінің директоры Сапур Төлековке тапсырылды.

Өнер саласында атаулы марапаттарға ие болғандар:

Жанат Хаджиева атындағы сыйлық – Жезқазған қаласының Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театрының актёрі Бақытжан Ибраевқа;

Досжан Жанботаев атындағы сыйлық – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Есендосовқа;

Кеңес Нұрланов атындағы сыйлық Нұр-Сұлтан қаласының Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының актёрі Мейрам Қайсановқа;

Қонысбек Бегайдаров атындағы сыйлық – Қостанай облыстық Ілияс Омаров атындағы Қазақ драма театрының актёрі Азамат Шөкеевке;

Серік Бұлғақбаев атындағы сыйлық – Жезқазған қаласының Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театрының актёрі Ардақ Жарқынбековке;

Райхан Ибраева атындағы сыйлық – Жезқазған қаласының Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Қарлығаш Байдалинаға;

Қайрат Кемалов атындағы сыйлық – Қарағанды облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының актёрі Есей Наурызбайға табыс етілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған “Достық” арнайы сыйлығымен Қарағанды облысының әкімі аппараты хатшылығының бас инспектор Гүлфайруз Рымбекова марапатталды.

Басқа материалдар

Back to top button