БілімЖаңалықтар

77 оқулық қазақшаға аударылды

Гуманитарлық бағыттардағы әлемнің үздік университеттерінің 77 оқулығы қазақ тіліне аударылып, басылып шығарылды. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқулықтар еліміздің барлық жоғары оқу орындарына жеткізілді.

Бүгінгі таңда аударылған тағы 23 оқулықты басып шығару және тарату бойынша жұмыстар жалғасуда.

100 шетелдік оқулықты қазақ тіліне аудару «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде жүргізілуде. Аталған жобаның жұмысы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2017 жылдан бастау алған.

БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық оқулықтар жоғары оқу орындарындағы оқу процесінде, соның ішінде жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша дәрістер оқу, студенттер мен ПОҚ-тың ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланылады. Осылайша, бұл жоба қазақстандық студенттерге үздік әлемдік үлгілер негізінде оқуға мүмкіндік береді. Студенттердің тарих және саясаттану, әлеуметтану және философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары саласындағы заманауи трендтерге сай білім алатын болады.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button