Руханият

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»

Тіл – достықтың алтын көпірі, қасиетті ұғым. Ол халықпен бірге өмір сүріп келеді, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен мақтанышы. Біз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны құрметтейтін, салауатты ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Тілсіз елдің болашақта өмір сүруі мүмкін емес. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Әр азамат мемлекеттік тілін меңгеруге міндетті.

Елімізді әлемге таныту үшін тіліміздің мәртебесін көтеруге атсалысу – борышымыз. Ол үшін «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл іске бірігіп кіріссек, көздеген мақсатқа жетеміз. Бір-бірімізбен қазақша сөйлессек, әдетке айналып, бұл да бір нәтижеге әкелер.

Қазіргі таңда үкімет тарапынан мемлекеттік тілді үйрену үшін барлық жағдай жасалған. Мемлекеттік қызметкерлер де мемлекеттік тілді меңгеріп, өздерін дамыту үстінде.

Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі – басқару, ақпарат, білім мен тәрбие беру ісі, бұқаралық ақпарат құралдары, құжат жүргізу саласы, қоғамдық-саяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда және басқа да маңызды салаларында жолға қойылуда. Әр мекеме басшысынан бастап, техникалық қызметкеріне дейін тілді үйреніп, күнделікті өмірде пайдалануға бейімделуі керек. Сонымен қатар, күннен-күнге мемлекеттік тілді меңгергендердің ішінде өзге этнос өкілдерінің де саны көбеюде. Ол үшін ата-ананың рөлі ерекше екенін ескеру қажет. Әр отбасы баласына қазақ тілін үйретуді қолға алса, жүре келе таза сөйлері анық.

«Тіл білген – ел біледі» деген аталы сөзді өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, тіл тағдыры – ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпауымыз керек.

Марина ГАЛИЯС,

«Шахтер» стадионының маманы.

Басқа материалдар

Back to top button