Спорт

Бір ұпайдан бөлісті

Қазақстан Премьер-Лигасының VIII турында қарағандылық «Шахтер» мен «Тараз» футбол командалары кездесті. Қос команда арасында өткен тартысты ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Қақпаға қанша соққы жасаса да қос команда бірінші таймда бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Тек, ойынның 50-ші минутында әуелеп келе жатқан допты қақпаға бағыттап жіберген тараздық Валерий Каршакевичтің соққысы командаластарын алға шығарды.

Жеңіске бір табан жақындаған тараздықтар, негізгі уақытқа қосылған 2-ші минутта гол жіберіп алды. Гол авторы – Усман Мұхаммед. Есеп 1:1.

«Тараз» командасы турнир кестесінде 7 ұпаймен 8-ші орынға тұрақтаса, жерлестеріміз 11 ұпаймен 5-ші орынға жайғасты.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button