Руханият

Ұзан

Газетіміздің 29 тамыз күнгі №94 (22 835) санындағы сауалымызға жауап келді. Дұрыс жауапты бірінші жолдаған Шет ауданы, Ақсу-Аюлы кентінің тұрғыны Берікбол ТӘЖІБЕКОВ.

Ебей

«Қазақ хандығы дәуірінде баһадүрлер қалмақтың қыздарына үйленеді екен. Олар түтінін түтетіп, қазақтың ұрпағын таратып, сөзі өтімді анаға айналған. Сол қалмақ шешелерімізді жұрт – Ебей деп атапты. Ебейдің өз еркі өзінде болған, күң емес. Жаугершілік заманда өткізілетін бәйгелерде Ебейді (қалмақ қызын) жүлдеге қосып береді екен. Олар да елмен терезесі тең ғұмыр кешкен. Өте орынды сұрақ, жастардың біле жүргені жөн» делінген хатта.

Келесі сауалымызға назар аударыңыз!

«Ұзан» дегеніміз не?

Сауал сырына үңілген Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button