Спорт

«Алматыдан» айласын асырды

«Сарыарқа» алдағы чемпионатқа дайындықты қызу жүргізуде. Алматылық «Алматымен» кездескен жерлестеріміз 3:4 есебімен басым түсті.

Есепті алматылықтар ашты. Бурделев 19-шы минутта Бояркиннің қақпасын дәл көздеді. Бұдан кейін Ефимов пен Бутузов есепті 3:0-ге жеткізді.

Жерлестеріміз Бутузовтың соққысынан кейін қарқынға қарқын қосты. 27-ші минутта – Холкин, 37-ші минутта – Михайлов, 44-ші минутта – Борисевич және 56-шы минутта Сиксна мергендігімен көзге түсті. Сөйтіп, кездесу «сарыарқалықтар» пайдасына шешілді.

Қазір «Сарыарқа» сапында ауыс-түйіс жүріп жатыр. Қорғаушы Сергей Кузнецов енді қарағандылықтармен бірге ойнамайды. Новокузнецкінің «Металлургіне» кетті.

Есесіне, «Сарыарқа» қатары финляндиялық, ресейлік ойыншылармен толықты. Финнің «Ласер» клубынан келген Никита Холкин, самаралық «ЦСК ВВС» клубының өкілі Олег Мисюль, Орскінің «Южный Урал» клубында ойнаған Егор Дорофеев бүгінгі таңда «Сарыарқа» үшін өнер көрсетіп жүр.

Нұрқанат ҚАНАПИЯ.

Басқа материалдар

Back to top button