Баспасөз мәслихатыРесми

1200 шақырым жол жөнделеді

Биыл Қарағанды облысында 1200 шақырымнан астам жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары жөнделеді. Осы мақсатта жұмыстарға үш мың бірлік арнайы техника тартылды.

Жолдарды жөндеу және салу туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Сәбит Оспанов Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте айтып берді.

Қарағанды – Балқаш және Балқаш – Бурылбайтал автожолдарын қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының деректеріне сай, биыл бұл жолдарда қозғалыс толықтай іске қосылады. – Қарағанды – Жезқазған бағыты бойынша бүгінгі таңда ұзындығы 513 шақырым жолды реконструкциялауға ЖСҚ әзірленуде. Ағымдағы жылы осы бағыт бойынша Қарқаралы қаласының маңында 10 шақырым орташа жөндеу және Ботақара кенті ауданында жарықтандыру құрылғысы қарастырылған, – деп хабарлады Сәбит Оспанов.

Бұдан басқа, «ҚазАвтоЖол» Қарағанды филиалының ақпараты бойынша, 2023 жылға Матақ – Қарқаралы учаскесінде 74 шақырым жолды орташа жөндеу жоспарланған.

Облыстық маңызы бар жолдарға келетін болсақ, оларға да көңіл бөлінеді. Новодолинка – Шахан – Молодецкое автожолының 17 шақырымын қайта жаңартуды аяқтау жоспарлануда. Осакаровка – Молодежное бағыты бойынша 16 шақырым жаңа жабын төселіп, жоба 2023 жылы толығымен аяқталады.

Үштөбе – Құрылыс автожолының 9 шақырымында қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қарабас – Жартас – Долинка автожолында ұзындығы 21 шақырым учаске жөнделеді. – Нұра – Шахтерское – Пржевальское автожолының учаскесін қайта қалыпқа келтіру аясында 20 шақырым жаңа жабын бойымен қозғалыс қамтамасыз етіледі, – деді Сәбит Оспанов.

Нұра және Осакаровка кенттерінің арасындағы қайта құру учаскесінде ауқымды жұмыстар көзделген. Жөндеу жұмыстары 20 шақырымды қамтыды.

Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин атындағы кентінің жанындағы Нұра өзені арқылы өтетін көпірдің жобасын түзету аяқталуға жақын.

Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Ақтоғай және Шет аудандарының 12 шақырым кентішілік жолдарын жөндеуге қаражат бөлінді. Сексен шақырым жол «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жөнделеді.

Облыс орталығында Майқұдық (К.Маркс және Магнитогорская көшелері) жолы мен 7-ші магистралінің күрделі жөндеуі аяқталады.

Спикер жол жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, облыста қоғамдық көлік жаңартылады. Биыл Қарағандыға 100 жаңа автобус, Теміртауға – 70, Балқашқа – 7 қоғамдық көлік сатып алу жоспарлануда.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button