АймақҚарқаралы

Үш ауылда ФАП ашылды

Қарқаралы ауданында бір күнде үш ауылда фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) ашылды. Медициналық қызметтің заманауи үлгідегі ғимараты Темірші, Томар және М. Мамыраев ауылдық округтерінде іске қосылды.  

Суреттер: автордан

Аудан әкімі Әділжан Арғынов Томар ауылы мен Темірші округінің орталығы Татан ауылында болып, жаңа ғимараттардың ашылу салтанатында халыққа құтты болсын айтты.

Бұл медициналық нысандардың құрылысы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының аясында 2023 жылы басталған болатын.

Аталмыш пункттерде дәрігерге дейінгі қарау кабинеті, егу, таңу бөлмелері, медицина қызметкерлеріне арналған, акушерлік кабинеттер жұмыс істейді. Сонымен қатар, жеке үш бөлмелі фильтр кабинеті мен гаражы бар.

Томар мен Татан ауылдарына ортақ бір дәрігер қызмет көрсетеді және Томарда 2 медбике, Теміршіде 3 медбике, М.Мамыраев ауылдық округінің орталығы Ақжол ауылында ашылған ФАП-та 3 медбике жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта Томарда 600 адам, Теміршіде 1050 адам, М.Мамыраевта 790 адам тұрады.

Жалпы, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасының аясында Қарқаралы ауданында 2025 жылға дейін тағы да 17 медициналық нысан салу жоспарланған.

Болатбек ӘШІМҰЛЫ

Қарқаралы ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button