Руханият

«Тар жол, тайғақ кешу»

Жаңаарқалық суретші Ғазиз ЖҰМАБЕКОВ саз балшықтан жасаған бұл диорамада Сәкен СЕЙФУЛЛИННІҢ осы аттас автобиографиялық кітабындағы кешкі жайлауда ақсақал Ашаймен ақынның әңгіме-дүкен құрып, күй тыңдап отырғаны бейнеленген. Бұл өнер туындысы С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінде тұр.

 

Сұңқар Сәкен қазақ даласында Қазан төңкерісін жүзеге асырушының бірі болғаны белгілі. Ақмола Совдепін құрып, Азамат соғысы кезінде атаман Анненковтың азап вагонында, Колчак лагерінде қорлық көрді. Бірақ, қайсар қазақ қайыспады.

Ол көптеген жауапты қызмет атқарды. Қазақстан пролетар жазушылары қауымдастығының басшысы ретінде Қазақстан Жазушылар одағының негізін қаласты. «Еңбекші қазақ» газеті мен «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қырғыз АКСР Халық комиссарлары Кеңесінің (1920- 1925ж.ж.) төрағасы (Премьер-Министр) болды.

Қазақ топырағында 1916-1919 жылдары болған оқиғаны қамтыған тарихи-революциялық тақырыпты қозғайтын тұңғыш роман – «Тар жол, тайғақ кешуді» 1922 жылы қолға алып, 1927 жылы жеке кітап қылып жариялады. Ол 1936 жылы өңделіп, толықтырылып қайта басылды.

Амал не, халқының бақытын жұмысшы-шаруа төңкерісінен таппақ ниеттегі жалынды қайраткер, ақыры өзі құрысқан мемлекет ұстанған теріс саясаттың құрбанына айналды.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Басқа материалдар

Back to top button