Спорт

Белорустер сан соқтырды

Футболдан ел құрамасы УЕФА ұлттар лигасының кезекті кездесуінде Белоруссиядан 1:2 есебімен өз алаңдарында ұтылып қалды.

Алаң иелерінің осал тұсын дәл тапқан қонақтар ойынның 53-ші минутында 0:1 есебімен алға шықты. Оң қапталдан көтерілген допты жеті метрден қақпаға тоғытқан – Максим Бордачев еді. Араға бірнеше минут салып қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов таразы басын теңестірген. Алайда, ойынның 86-шы минутында қарсылас команда шабуылшысы Виталий Лисакович шешуші гол авторы атанды. Жерлестеріміз қазан айының 11 жұлдызында Албания ұлттық құрамасын өз алаңдарында қабылдамақ.

Тағы айта кететіні, 2021 жылы өтетін жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында ел құрамасы сырт алаңда Израиль командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңді. Олар бірнеше күн бұрын өз алаңында Черногория құрамасына есе жіберген. Бұл жолы ойынның соңғы минутында қақпаға екінші допты тоғытып, турнир кестесінде 10 ұпаймен ІІ орынға көтерілді.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button