Бас тақырып
1 ақпаннан бастап электр энергиясының тарифтері көтеріледі
Энергетика министрінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы бұйрығымен электр энергиясының жаңа шекті тарифтері бекітілді.
Құжат электр энергиясын сататын компаниялардың келесі топтары үшін тарифтерді көтеруді көздейді:
- бірінші топ (Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ 8,27-ден 9,5 теңгеге дейін.
- екінші топ (Еуразиялық энергетикалық корпорация) – кВт/сағ 7,98-ден 9,4 теңгеге дейін.
- үшінші топ (Екібастұз ГРЭС-2 станциясы) – кВт/сағ 13,17-ден 15,67 теңгеге дейін.
- төртінші топ (Топар бас тарату электр станциясы) – кВт/сағ үшін 15,32 теңгеден 20,84 теңгеге дейін.
- бесінші топ (Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС) – кВт/сағ үшін 17,73 теңгеден 22,58 теңгеге дейін.
- алтыншы топ (Қарағанды энергетикалық орталығы) – кВт/сағ үшін 14,09-дан 17,64 теңгеге дейін.
- жетінші топ (Өскемен ЖЭО) – кВт/сағ үшін 14,27-ден 17,82 теңгеге дейін.
- сегізінші топ (Севказэнерго) – кВт/сағ үшін 18,61 теңгеден 23,17 теңгеге дейін.
- тоғызыншы топ (“Астана-Энергия” АҚ) – кВт/сағ үшін 9,28-ден 11,71 теңгеге дейін.
- оныншы топ (Павлодарэнерго (ТЭЦ-2,3) – кВт/сағ үшін 18,25-тен 24,29 теңгеге дейін.
- 12-топ (“Қазақстан алюминийі” АҚ) – кВт/сағ үшін 7,87-ден 8,52 теңгеге дейін.
- 13-топ (Kazakhmys Energy (ЖТЭК, БТЭК) – кВт/сағ 21,42-ден 30,24 теңгеге дейін.
- 16-топ (“Bassel Group LLS”) – кВт/сағ үшін 16,73-тен 25,48 теңгеге дейін.
- 18-топ (“Степногорск ЖЭС”) – кВт/сағ үшін 28,97-ден 38,67 теңгеге дейін.
- 22-топ (Кентау сервис МКҚК) – кВт/сағ 7,07-ден 37,12 теңгеге дейін.
- 23-топ (Арқалық ТЭК ГКП) – кВт/сағ 8,44-тен 13,13 теңгеге дейін.
- 26-топ (Алматы электр станциялары, ЖЭО-1,2,3, Қапшағай СЭС, Каскад СЭС) – кВт/сағ үшін 17,82 теңгеден 20,93 теңгеге дейін.
11, 14, 24, 29, 30, 32, 35, 36, 43-48, 56-60 компаниялар тобы бойынша тарифтер өзгеріссіз қалды.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА