Білім

Күн тәртібінде – экологиялық білім

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында Білім және ғылым министрлігі мен БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстанда экологиялық білім беруді дамыту жобасын іске қосты.

– Жоба аясында 6 мыңнан астам мұғалімді даярлау және қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, сондай-ақ экологиялық және экономикалық қауіпсіздік саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу көзделген, – деп атап өтті БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Жоба аясында түрлі деңгейдегі 17 білім беру ұйымы ресурстарды үнемдейтін жасыл технологиялармен жабдықталмақ. Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру үшін экологиялық мәдениет туралы әдістемелік материалдар дайындалады. Сонымен қатар, «Дүниетану» пәні бойынша 1-4-сынып оқушылары тақырыптық үстел ойындары мен интерактивті бейнесабақтарды пайдалана алады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button