Жаңалықтар

Ай сайын пациенттерді қолдау қызметіне 70-ке жуық өтініш түседі

Қарағанды қаласындағы №1 емхананың пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне ай сайын 70-ке жуық өтініш түседі. Бұл туралы сарапшы-дәрігер Елена Корнеева кеңінен мәлімдеді.

2015 жылдан бері медициналық ұйымдарда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі жұмыс істейді. Оның міндеті – «пациент – емхана» түйткілді мәселелерін анықтау және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту.

№1 емханада да бұл қызмет бес жылдан бері жүзеге асырып келеді. Оның құрамына сарапшы дәрігерлер, медбикелер және медициналық психолог кіреді.

– Қолдау қызметі мамандарының жұмысына пациенттердің өтініштерін талдау, жанжалды жағдайларды кәсіби басқару сынды бірқатар міндеттер кіреді. Бізге сұрақтар көбінесе, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, салалық мамандардың қабылдауына жазылу, қосалқы мердігерлік ұйымдарда медициналық көмек көрсету бағытында қойылады. Емханаға тіркелу және сібилерді ана сүтінің орнына берілетін дәруменді азықпен тегін қамтамасыз ету жөнінде де өтініштер түседі. Әр шағым бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, хаттама толтырылады. Егер, дәрігердің кінәсі расталса, емхана директорының басшылығымен тәртіптік жаза белгіленеді, – деді Елена Корнеева.

Сондай-ақ, пациенттерді қолдау қызметі денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес көрсетілетін медициналық қызметтерге ішкі бақылау жүргізеді. Сарапшы дәрігерлер халыққа ұсынылған медициналық көмектің көлемі мен сапасына медициналық сараптама жасап, анықталған кемшіліктерге талдау жұмысын жүргізеді.

– Ай сайын біздің қызметке 60-70 өтініш түседі. Оның ішінде, 10-ға жуығы хаттама ретінде рәсімделген қызметтік шағым. Қазір МӘМС енгізілуіне байланысты өтініштердің саны біршама артты. Емханада қаралғысы келетін пациент МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы керек. Сақтандырылмаған болса, оларға мамандар бағыт-бағдар береді. Көптеген пациенттер емханаға жүгінгенше өз мәртебесі мен құқығын толық білмейтінін айта кеткен жөн, – деп түсіндірді спикер.

Аптасына үш рет түрлі мамандықтағы дәрігерлер Instagram-да тікелей эфирде жұртшылықты мазалаған сұрақтарға жауап береді. Әр байланысқа шыққан сайын №1 емхананың пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің байланыс телефондары хабарланады.

Олар: 50-28-27 және 8-708-436-80-37.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button