Ұлағат – ұлы биден

  «Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті» демекші, аталы сөздерімен қазақ елінің тағдырына алаңдап, аумалы-төкпелі, күрделі, қилы заманда ғұмыр кешкен Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері.

Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының тұрақты оқырмандары Қаздауысты Қазыбек бабамыздың тарихи мұрасына қызығушылықпен қарап, ол туралы әдебиеттермен танысушылар саны күннен күнге артып келе жатқаны көңіл толтырады. Бұл – бізді және қазақ руханиятына жанашыр жұртты қуантарлық жағдай. Тарих парақтарынан сыр ашатын қызмет көрсетуші өлкетану бөлімі баба құндылықтарын оқырманға ұсынуды басты міндеттерінің бірі деп санайды. Бабамыз жайлы толық ақпарат көзі кітапханада екені сөзсіз.

Шешендік – өнер қазақ қоғамының, өмір тынысының тамыршысы іспетті десек қателеспейміз. Қаздауысты Қазыбектің есімі Қазақ пен Қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасына бітімші, бүтінші болған батыл елші, парасатты мәмлегер ретінде мәлім. Бидің шешендік өнері өзімен қатарлас, үзеңгілес билермен жауаптасу барысында да жарқырап көрінеді. Сондықтан, оның қазақ руханиятындағы тарихи тұлғасын дәріптеу, рухани мол мұрасын зерттеу, шешендік өнерді өскелең ұрпаққа насихаттау – басты міндет.

Баба мұрасы – ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына.

М.ТҮСІПБАЕВА,

өлкетану бөлімінің құжаттарды цифрлау қызметкері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.