АймақҚарағанды

«Таза Қазақстан»: көктемнің сәні – көшет егу

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы облыс аумағнда күнделікті сенбіліктер өтіп жатыр. Акцияның үшінші аптасы «Жасыл аймақ» апталығы аясында көптеген аймақтарға көшеттер егіліп, аулалар қоқыстан тазаруда.

Сурет: видеодан скриншот

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Бұқар жырау ауданының тұрғындары «Жасыл аймақ» апталығын қолдай отырып, көгалдандыру жұмыстарын бастады. Атқарылған іс-шаралар барысында аулалар абаттандырылып, көшет егіліп, көгалдандырылған аймақтар көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Нұра кентінде де ағаш егу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар акция аясында Осакаровка кентінің «Әлихан Бөкейхан атындағы Тірек мектебінің» ұстаздары мен оқушылары бірлесіп мектеп аумағына ағаш егу жұмыстарын ұйымдастырды.

Акцияның басты мақсаты – оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға, ауылдың тазалығына ұқыпты қарауға үйрету, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы ауданды таза әрі жасыл аймаққа айналдыруға шақыру.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button