Бас тақырып

Жасыл белдеу: Қарағанды облысында ағаш егу науқаны жалғасып жатыр

Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ағаш егу жалғасуда. Көгалдандыру жұмыстарына еңбек ұжымдары, оқушылар мен эко-белсенділер қатысты. Осакаров ауданында «Жасыл аймақ» апталығы аясында 22-27 сәуір аралығында 600 гүлдер мен ағаштар егу жоспарланған. 

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

Сонымен қатар ағаштар мен бұталарды әктеу және кесу жұмыстары жоспарланған.

– 24 сәуірдегі жағдай бойынша 222 жасыл желек отырғызылды, 400 ағаш әктелді, 94 тонна қоқыс шығарылды, 19 бірлік техника тартылды. Жұмыстарға барлығы 104 ұжым, 583 адам қатысты. Көгалдандыру жұмыстары әлі де жалғасады. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері халықпен профилактикалық жұмыс жүргізуде, 10 ескерту ресімделді және тазалықты сақтамағаны үшін 3 айыппұл салынды,– деп хабарлады Осакаров ауданының әкімдігі.

Теміртауда қаланы көгалдандыруда жас еріктілер белсенділік танытып жатыр. «Шаңырақ» орталығының эко-белсенділері мен «Крепыш» үйсіз жануарларға көмек көрсету әлеуметтік жобасын ұйымдастырушылар көшет екті. Сондай-ақ, жұмыстарға «Отражение» қоғамдық бірлестігінің еріктілері жұмылдырылды.

200-ге жуық адам 670 ағаш екті. Биыл қалада барлығы 5300 ағаш егу жоспарлануда, оның ішінде өтемдік ағаш егу аясында көшеттер пайда болады.

Приозерск қаласында жасыл желектерді егу 25 сәуірде басталады. Қалаға кіре берісте және ұйымдар аумағында 150 терек пен 300 қарағай егу жоспарлануда. Бүгін акцияға қатысушылар учаскелерде жерді өңдеу жұмыстарын жүргізуде.

Саран қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында шаған, жөке, арша және күміс терек ағаштарының 800 көшетін егу жоспарлануда. Жұмыс 25 сәуірде басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 23 сәуірде 90 мыңнан астам ағаш көшеттерін егу басталды. Қалада Кирзавод ауданында өртенген орман қалпына келтіріліп, Майқұдық саябағында «Жастар Аллеясы» атты жаңа аллея ашылды.

Акцияның әр аптасы белгілі бір атаумен өтеді. «Жасыл аймақ» апталығы көгалдандыруға, ағаш егуге арналған.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button