Жаңалықтар

«Жасыл Аймақ» апталығы Теміртау мен Приозерск қалаларында да қарқынды жүруде

«Жасыл Аймақ» апталығы аясында ағаш егу бастамасына Теміртау жоғары медициналық колледжі студенттері де қосылды. Қаланың белсенді жастары медицина мамандығына оқып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға да белсенді қатысуда. Апталық аясында Жастар Орталығы аумағына 40 көшет отырғызылды.

Сонымен қатар «Жасыл Аймақ» экологиялық акциясы Приозерск қаласында да белсенді жүруде.

Бүгін қала аумағына 450 қарағаш пен терек көшеттерін 450 отырғызу жоспарлануда. Аталмыш шара «таза бейсенбілік» аясында өтпек. Көп қабатты үйлердің жанына ағаш еккісі келетін барлық тұрғындарға олардың өтініштері бойынша көшеттер беріледі дейді шараны ұйымдастырушылар.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button