Ату жазасына кесілген қарағандылықтардың тізімі

Көз майын тауысып мұрағат ақтарған, болмаса, репрессияға ұшырағандардың қағаздарын ақтарыстырған іздеушілердің жиі ұшырастыратын, оның өзінде анық оқылмайтын, қарапайым халық арасында цифры жоқ БҰМЫН дейтін айырықша статья бар. Бұл сөздің түп негізі – «ВМН», «высшая мера наказания» деген сөз, ату жазасына кесілген деген сөз. Ату жазасына келгенде оның статьясы қойылмайды. Әлгі үш әріпті адам танымастай иректетеді. Кириллица «В» әрпі мен 13 саны жазылу жағынан өте ұқсас, соған орай «13МН» деп те сүйкей салады. 

Біздің облысымыз бойынша осы жазаға ұшырағандардың ұзын саны белгісіз. Дегенмен, қолымызда бар дерек бойынша олардың ұзын саны бір мың адамнан асып жығылады. Оның өзінде ақталғандары. Оқырман назарына ұсынылып отырған осы статьямен атылғандардың бір тобының тізбесі ондаған жылдар бойы тірнектеп жинақталған, күні бүгінге дейін құпия сақталып келген кеңестік дерек көздерінен алынды. Бұл деректердің дені ешқайда жарық көрмеген. Газет беті көтермейтіндіктен облысымыз бойынша ату жазасына кесілгендердің, қай жылы туғанын, туған жерін, білімін, істеген қызметі, қай жылы сотталғанын ғана көрсетіп отырмыз. Толық дерек алам деген оқырмандар болса, мақала авторымен хабарласуларына болады.

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ

Абаимов Андрей Афанасьевич, 1886, Владимирская облысы, бастауыш, ҚарЛагта отырған, 25.11.1937.
Абель Иван Юганович, 1872, неміс, Латвия, Лефлян губерниясы, Верховский уезі, бастауыш, №1 шахтаның күзетшісі, 27.07.1938.
Абрамян Георгий Александрович, 1887, армян, Дағыстан ауданы, Дербент қаласы, бастауыш, ҚарЛагта отырған, 10.11.1937.
Авдошин Василий Андреевич, 1907, Тула облысы, Волоховск, бастауыш, Қарағанды қаласында тұрған.
Агибалов Яков Федорович, 1890, Орлов губерниясы, Дутая, сауатсыз, «Қарағандыкөмір» тресінің жұмысшысы, 09.10.1937.
Адаменко Василий Иванович, 1885, Солтүстік Кавказ өлкесі, Попутная, орта, ҚарЛаг-та отырған, 16.10.1937.
Адер Абрам Пинхусович, 1899, еврей, Польша, Радом губерниясы, Далешевитус деревнясы, орта, «Қарағандыкөмір» тресінің маркшейдері, 30.07.1938.
Аида Юкиеси, 1909, Жапония, Миэгато қаласы, бастауыш, Қарағанды облыстық автобазасының жүргізушісі-жүк түсірушісі, 10.09.1941.
Айрих Андрей Андреевич, 1896, неміс, Саратов облысы, Дергачев ауданы, бастауыш, №3/26 шахтаның жүк түсірушісі, 16.10.1937.

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

Айтжанов Қали, 1895, Қоңырат, сауатсыз, Ортадересінде тұрған, 20.12.1937.
Әзімханов Әшім, 1912, Қарқаралы, Қоңырат аудандық сотының судьясы, 08.03.1938.

ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ

Аймағамбетов Шаймет, 1880, Сарытау ауылы, сауатсыз, «Беталыс» колхозының бригадирі, 29.08.1937.
Ақбаев Жарасбай, 1905, сауатсыз, 18.02.1942.
Ақыжанов Қасымхан, 1908, аяқталмаған жоғары, Мәскеу таукен институтының қызметкері, 20.02.1937.
Әзиев Смағұл, 1908, сауатсыз, Қарқаралы аудандық қаржы бөлімінің ревизоры, 26.12.1937.

ҚАРСАҚПАЙ АУДАНЫ

Әбуов Шаяхмет, 1909, №1 ауыл, аяқталмаған орта, Чернигов МТС-і директорының орынбасары, Жезді ауданында тұрған, 28.11.1937.
Әйтімбетов Есентоғай, 1900, бастауыш, №8 ауыл, 24.11.1937. 

ҚОҢЫРАТ АУДАНЫ

Ағыбаев Біләл, 1903, Қарқаралы, толық емес орта, Ақтоғай аупарткомы есепке алу бөлімінің меңгерушісі, 28.10.1938.
Әбдиев Ахметжан, 1893, Сарытерек ауылы, орта, 22.11.1937.
Әбілдинов Қасым, 1890, N3 ауыл, бастауыш, 20.12.1937. (Ортадересінде ұсталған)

ҚУ АУДАНЫ

Айпесов Райымбек, 1900, №4 ауыл, бастауыш, «Жаңажол» колхозының мүшесі, 07.12.1937.
Ақыжанов Абдулла, 1893, бастауыш, Жаңаарқа мотор-трактор станциясының директоры, 07.09.1937.
Әбділдин Махмұт, 1888, №5 ауыл, бастауыш, 10.10.1937. 
Әбдин Хамза, 1890, №12 ауыл, 10.04.1931.
Әбдірахманов Әбжан, 1899, №12 ауыл, 10.04.1931. 
Әдікенов Көкен, 1906, №1 ауыл, бастауыш, Қу аупарткомының насихатшысы, 02.11.1937.

НҰРА АУДАНЫ

Ағыбаев Рақыш, 1902, Нұра ауданы, бастауыш, «Өндіріс» колхозының мүшесі, 02.11.1937.
Айдаров Темір, 1885, №2 Ақтөбе ауылы, бастауыш, Амосов колхозының мүшесі, 15.05.1937.
Айдаров Омар, 1887, №2. Ақтөбе ауылы, бастауыш, Амосов колхозының мүшесі, 15.05.1937.
Айдаров Қали, 1889, №2 Ақтөбе ауылы, бастауыш, Амосов колхозының мүшесі, 15.05.1937. (Айдаровтардың барлығы да ағайындылар, бір-ақ күнде ұстап әкеткен)
Аймағамбетов Әбілқас, 1899, № 7 ауыл, Чернов колхозының ұстасы, 09.11.1937.
Аймагамбетов Есмұхан, 1902, Чернов колхозының есепшісі, 02.11.1937.
Аймағамбетов Имаш, 1906, Нұра аудандық халық шаруашылығы есебінің инспекторы, 02.11.1937 

Аймагамбетов Өмірлі, 1898, №1 ауыл, бастауыш, Молотов колхозының төрағасы, 10.01.1938.
Аймағамбетов Сәрсекей, 1900, №1 ауыл, орта, Киевка қазақ орта мектебінде сабақ берген, 29.12.1937.
Аймағамбетов Хасен, 1895, № 4 ауыл, 10.10.1937.
Ақымбеков Зейнел, 1908, № 8 ауыл, Өріксай колхозының төрағасы, 06.11.1937.
Әбдірахманов Шәбкен, 1893, №8 ауыл, бастауыш, 01.12.1937.
Әбішев Хамит, 1900, №2 ауыл, бастауыш, Киевка, аудандық жер бөлімінің меңгерушісі, 20.01.1938.

ТЕЛЬМАН АУДАНЫ

Авджьян Арбур Асадурович, 1892, армян, Азово-Черномор өлкесі, Новошиловский кенті, бастауыш, Тельман ауданында тұрған, «Красная нива» артельнің мүшесі, 24.11.1937.
Авдюшкин Иван Иванович, 1884, Волга өлкесі, Клежск, бастауыш, Тельман ауданы, №2 ауыл, санитар,23.01.1938.

ШЕТ АУДАНЫ

Абылаев Айтқали, 1960, БҚО Тайпақ ауданы, орта, Просторный, ҚарЛаг-та отырған, 23.09.1937. 
Адеев Ахмет, 1866, №7 ауыл, сауатсыз, 25.04.1931.
Азынаев Қосай, 1805, №4 ауыл, діни, 16.10.1937. Айқымбеков Әду, 1877, №5 ауыл,сауатсыз, 31.10.1937.
Аймагамбетов Қонақбай, 1882, №4 ауыл, 16.10.1937.
Әбдірахимов Ахмет, 1887, діни, мұғалім, 15.10.1937. («Ғалия» медресесінде оқыған)
Әбенов Мәжікен, 1900, Ақсу-Аюлы селосы, аудандық жер бөлімі, 17.12.1937.
Әбеуов Баттал, 1891, бастауыш, №10 ауыл, 25.04.1931. (Академик Шәрбан Батталованың әкесі)
Әжебеков (Әжібеков) Базылбай, 1869, №4 ауыл, №7 ауыл, 30.10.1937.
Әйменбетов Ақбар, 1880, №10 ауыл, бастауыш, 22.10.1937. (ҚарЛагта үш рет отырып, екі рет қашқан, діни сауатты, алашордашылармен байланысты болған, Орынбек Беков тобының мүшесі ретінде әшкереленген).

Төрехан МАЙБАС,
жазушы.

1 thought on “Ату жазасына кесілген қарағандылықтардың тізімі

  1. Сәлематсиздер ме,менин есимим Гулжан мен нагашым Калиев Айтжанды тизимнен таппадым.Коп жыл болды анамнын атынан жазып едим окинишке орай ешкандай жауап алалмадык. Сиздерде ол кисинин кай жылы каза тапканы жане кай жерде жерленгени туралы дерек болса менин томендеги поштама е-mail хабар беруинизди отинемин.Алла разы болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.