Жаңалықтар
Қарағандыда “Біз біргеміз!” балалар шығармашылық фестивалі өтті
Қарағанды қаласында қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясының 10 жылдығына арналған “Біз біргеміз!” облыстық балалар шығармашылық фестивалі өтті.
Шараның мақсаты – балаларды ұлттық мәдениетті тануға және
патриотизмге тәрбиелеу.
Іс-шара ЮНЕСКО клубы белсенділерінің шеруімен басталып, бейнелеу өнері және декоративті-қолданбалы өнердің “Әлем балалар көзімен” атты көрмесімен, “Достарға арналған 100 кітап” қайырымдылық акциясымен және концерттік бағдарламамен жалғасты.
Дайындаған: Аида Рахимкулова