Тарих

Зобалаң зардабы

1924 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде Әлихан Бөкейхан: «1914 жылы Ресей халқының жалпы саны 161 млн. 700 мың еді. Көкшетау уезінің халқына 1896 жылдан кейін 1907 жылы және одан он жыл өткен соң 2 рет санақ жүргізілді. Қазақтардың өсу қарқыны әлемдік деңгейден жоғары. Егер әрбір 200 қазаққа орта есеппен 3 адам қосылып тұрады десек, онда 1914 жылы қазақтардың саны 6 млн. 470 мыңға жеткен» – деп жазған.
***
1932 жылы РСФСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасының орынбасары қызметін атқарған Т.Рысқұлов Сталинге: «Балқаш ауданындағы (жергілікті ОГПУ деректері бойынша) 60 мың адамның 12 мыңы көшіп кетсе, 30 мың адам өлген. … 1932 жылдың мамырында Қарқаралы ауданында 50,4 мың адам болса, қарашада 15,9 мың адам қалған» деп мәлімдеген.
***
«Мәскеуге барған бетте Ленин кітапханасынан 1926 жылғы санақтың қорытындылары жарияланған кітапты тауып оқығанмын. «Казахи – самая крупная тюркоязычная национальность советского союза – 6 млн. 200 тыс человек» деген тұсын көшіріп алғанмын. Ал, 1939 жылы 2 млн. адам ғана қалған. Мұндай қорлыққа тек қой мінезді жуас халық қана шыдай алады. Ал, біз жылқы мінезді халық емес пе едік!? – депті жазушы Олжас Сүлейменов 2016 жылы 27 мамырда Баянауыл аудандық «Баянтау» газетіне берген сұхбатында (№22 (10725)).
***
1917-1926 жылдары санымыз 10-13 млн-ға жеткені туралы мәліметтер бар
КСРО мемлекеттік мұрағатында мынадай құпия дерек бар. «Из всех тюркских или турецких народов России… самым многочисленным являются казахи. На территории в два миллиона триста тысяч кв. верст живет без малого 10 миллионов казахов». (Архив Октябрьской революции, фонд №1318, опись №1, Ед. Хр. №56).
Мәскеулік тарихшы В.Кушкин «Советизация казахского аула» деген монографиясында бұл жылдары Қазақстанның тек солтүстік облыстарындағы (халқы тығыз орналасқан оңтүстігін есептемегенде) қазақтың саны 9 миллионнан асатынын көрсеткен.

Басқа материалдар

Back to top button