Медицина

«Өзім» өзге үшін

Қарағандыда ғана емес, Қазақстанда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бірегей жоба қолға алынды. Оның ерекшелігі қаржыландыру жауапкершілігін әдеттегідей ата-ана емес, мемлекет көтеретіндігінде. Мұнда бала күні бойы болып, тиісті көмегін алса, ата-ана жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Яғни, пилоттық жобаға қатысып отырған орталыққа келетін әр бала жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне енеді.

Бұл – ата-аналарға үлкен қолдау. Сабақтар жеке және шағын топтарда өтеді. Балалармен логопед-дефектологтар, нейропсихолог, арт-терапевт және музыкалық терапевт жұмыс істейді. Олардың қозғалуына көмектесетін тьюторлар бар. Балалар үш рет тамақтанады. Үйлерінен алып кетіп, қайта апарып тастайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік қызметтер жүйесін модернизациялау қолға алынған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер департаменті директорының орынбасары Гаухар Қалмақованың айтуынша, пилоттық жоба Қарағандыдан өзге жеті аймақта іске асады.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button