Жылыту маусымына дайындықты басталды

Қарағанды ЖЭО-3-те барлығы 8 қазандық агрегат және 6 турбина жұмыс істейді. Биыл сол қазандықтарды 2023-2024 жылғы жылыту маусымына дайындық бағдарламасы басталды. Ал, жұмыс бекітілген кесте бойынша жүргізілетін болады.

– Биыл екі қазандықта, бір турбинада күрделі жөндеу жүргізіледі, сондай-ақ турбоагрегатты кеңейтілген-ағымдағы жөндеу жоспарланған. Қалған жабдықта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір энергетиктер №1 қазандық агрегаты мен №1 турбинаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде, көлеміне сәйкес жұмыс 20 тәуліктен астам уақытқа созылады, – «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС мамандары.

Қазандық қондырғысында ең жоғары температуралық жағдайда жұмыс істейтін плита ауыстырылмақ. Және Сондай-ақ, парк ресурсына қызмет еткен жабдықтардың тораптары ауыстырылатын болады. Турбинада ақауларды ерте анықтау үшін металдың күйіне диагностика жасалатын болады.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.