Жылу беру – жүйелі

    Кеше аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Андрей ЛЯПУНОВТЫҢ қатысуымен Теміртау қаласындағы жылу беру маусымының аяқ алысы талқыланған жиын өтті.

   Қаладағы ЖЭС-2 жұмысында ақаулардың орын алуына байланысты металлургтер шаһарының тұрғындарына жылу дұрыс берілмей келгені белгілі.

Сіздер Теміртау қаласындағы жылу беру барысына қатысты Үкімет басшысы тарапынан сын айтылғанын білесіздер. Осыдан екі күн бұрын облыс әкімі станцияны аралап, нақты тапсырмалар берген болатын. Олардың орындалуы мерзімі бүгін, яғни, 30 желтоқсан күні аяқталды. Аймақ басшысының тапсырмасы ойдағыдай орындалғанына куә болып отырмыз. Қазір теміртаулықтардың үйлері жылынған. 4 қазандық жұмыс істеп тұр, резервте тағы екі қазандық бар. Қазіргі таңда жылу беру қалыпқа түскен, – деді Андрей Ляпунов.

    Бұдан кейін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу жұмыстары жөніндегі директорының, жылумен қамту ұйымы директорының және қала әкімдігінің Теміртау қаласындағы жылу маусымын өткеру жөніндегі есептері тыңдалды.

   ЖЭС-2-де 4 жылыту қазандығы (№№3, 4, 5, 6) жұмыс істеуде. Ал, 2 қазандық резервте. Сырттағы ауа температурасына сәйкес, станциядағы температура режимі 80/500 С кестесі бойынша жұмыс істейді. №1 қазандық жұмыс істеп тұр. Режимдік картаға сәйкес, 31 желтоқсан күні қосымша жұмыс істеуге қажетті жылу-механикалық параметрлерді қалыптастыру басталған. Қазіргі таңда будың қысымы 45 кс*с/см2 құрап отыр. Температура – 250 0С.

Жылыту маусымын ойдағыдай өткеру – біздің басты міндетіміз. Теміртау қаласының 90% тұрғыны жылуды ЖЭС-2-ден алады. Алда мерекелік күндер келе жатыр. Сондықтан да, қала тұрғындары коммуналдық қызметтің барлық түрімен толық қамтылуы керек. Аймақ тұрғындарын сапалы жылуымен қамтамасыз ету – жылумен қамту мекемелерінің құзырында, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

    Қазіргі таңда Теміртау қаласының тұрғындары тарапынан жылудың жоқтығына шағымданушылар жоқ.

    Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірге 80 көппәтерлі тұрғын үйді аралап, 50-ге тарта отбасымен кездесті. Тұрғындар арасында сауалнама жүргізді. Басты сауал – «Үйлеріңіз жылы ма?». Тұрғындардың айтуынша, пәтер температурасы қалыпқа келіп, 24-29 градусты көрсетіп тұр.

Бізде соңғы үш күнде жылу қалыпты берілуде. Бұған дейін мүлдем жылу болмаған. Радиаторлар тастай суық болды. Бөлме температурасы 13 градусқа дейін төмендеп кетті. Ал, қазір, міне, өздеріңіз де көріп тұрғандарыңыздай 22-24 градус, – дейді қала тұрғыны Татьяна Садвакасова.

   Қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету бекітілген параметрлер бойынша жүзеге асуда. Жалпы алғанда қаланы жылумен қамтамасыз ету штаттық режимде жүзеге асырылуда.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.