Бас тақырып

Жыл соңына дейін ауыл тұрғындары 100% ауыз сумен қамтылады

Облыста жалпы халық саны 205 677 адамды құрайтын жалпы саны 342 ауылдық елді мекен бар. Орталықтандырылған ауыз сумен ауылдық жерлердегі 271 ауыл халқы қамтылған. Нәтижесінде халықты сумен жабдықтау деңгейі 97,9%-ға жетті.

Сурет ult.kz

Өткен жылы ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау бойынша 33 жоба іске асырылды. Оның ішінде 98,7 км су құбыры желілері салынды және қайта жаңартылды. 29 ауылда суды тазартудың кешенді блок-модульдері орнатылды. Жыл қорытындысы бойынша ауыл халқының ауыз суға қол жеткізуінің 97,9% көрсеткішіне қол жеткізілді.

Ағымдағы жылы ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау бойынша 7 жобаны іске асыру және 41 ауылда суды тазартудың кешенді блок-модульдерін орнату жоспарланған. 2025 жылдың соңына дейін ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамту жоспарлануда.

Қалаларда сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы – 2 513,37 км, тозуы 65,6%. Сумен жабдықтау қызметтеріне қол жетімділік 99,4% құрайды.

2024 жылы 9 жоба іске асырылды, онда 85 км желі салынды және қайта жаңартылды. Жыл қорытындысы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 99,4% – ға дейін ұлғайтылды.

Ағымдағы жылы 7 жобаны іске асыру жоспарланған, онда сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 100% – ға дейін ұлғайтылады.

Т.Т.ДОСАЕВ,

«Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасы» ММ басшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button