Ақтоғай

Жолдаудың нақты міндеттері

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жұртшылық арасына кеңінен талқылау одан әрі жалғасын табуда. Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуова актив жиналысында Елбасы Жолдауының басым бағыттарына жан-жақты тоқталып, оның мемлекетіміздің дамуындағы нақты айқын бағыт екендігін тілге тиек етті.

Еліміздің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы алыс болашақты болжайтын, әлемдік өркениетке бет алған қазақстандық дамудың шамшырағы іспеттес. Онда экономикалық әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізетін бес басым бағыт атап көрсетілген. Аудан әкімі сондай-ақ, Жолдауды басшылыққа ала отырып, қол жеткен табысты бұрынғыдан да әрі баянды ету қажеттігіне тоқталды.

Аудандық аналар комитетінің төрайымы З.Әзімбекова, «Тоқырауын-Су» ЖШС-нің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Н.Маңғышев, «Нығмет» шаруа қожалығының жетекшісі С.Жақыпбеков Жолдау жолдарымен танысқаннан кейінгі ой-пікірлерін ортаға салды.

♦ ♦ ♦

Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын халықпен бетпе-бет кездесіп, насихаттау мақсатындағы келелі бас қосу Шашубай кентінде де болып өтті. Кент әкімі Даниял Иісбеков жаңа экономикалық дәуірдің басталғанын атап көрсетті. Жаңа технология, ішкі ресурстарды тиімді пайдалану ауыл шаруашылығы саласына жаңа серпін беретін маңызды істерді жүзеге асыру міндеттері тұр. Аудандық мәслихаттың депутаты Н.Маңғышев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдаудың елдің әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жаңа биіктерге бастайтындығын, ол үшін Жолдаудың әр жолымен жете танысып, жүзеге асыру үшін әрқайсымыз тиянақты еңбек ету керектігіне тоқталды.

Ақтоғай өңірінде Жолдауға ой қосу, насихаттау арнайы құрылған ақпарат тобының ықпалымен одан әрі жалғасуда.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button