Жолда қалған жолаушылар құтқарылды
Алматы-Екатеринбург тас жолының 908-ші шақырымында құтқарушылар жол бойында бұзылып қалған жеңіл автокөлік ішіндегі жолаушыларды құтқарды. Бұл оқиға Шет ауданы маңында, сағат түнгі 00:40 шамасында болған.
Көлік ішінде алты адам болған. Оның үшеуі – бала. Жолаушыларды Ақсу-Аюлы ауылының орталық мешітіне орналастырған. Медициналық көмекті қажет етпеді.
– Жүргізушілер жолға шығарда көліктің жағдайын мұқият тексеріп, жолдың жағдайы туралы ақпаратты қадағалап барып жолға шығу қажет. Дауылды ескертулерді алған кезде, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлағанда, кішкентай балалармен елді мекендерден тыс сапарға шығудан және ұзақ қашықтыққа жаяу жүрмеуі қажет. Қоғамдық көлік пен дизельді қозғалтқышы бар автокөлік иелері қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн, – деді облыстық Төтенше жағдайлер департаментінің мамандары.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz