Руханият

Жолда қалған балерина

     Ресей прима-балеринасы, балет жұлдызы, Ресей ғана емес, әлем бойынша дардай атағы жер жарып тұрған Анастасия Волочкованы білмейтіндер кем де кем. Балет әлемінде аты әлемге әйгілі Анастасия Волочкованың құтын қашырған оқиға Қарағанды жерінде болды…

     Неге дейсіздер ғой? Арқаның бораны мен аязы. Естеріңізде болса, ғаламторда өз труппасымен Қазақстанда гастрольдік сапармен жүргені туралы айтылған. Желтоқсан айының 20 күні қарағандылықтардың назарына ұсынылуы керек «Леди» спектаклінде басты рөлде ойнайтын атақты биші, өзін драма актрисасы ретінде де танытып жүрген А.Волочкова Қарағандыға келе жатқан жолда боранда қалып, біраз қиындықтар көрді.

     «…Өмірдің өзі қызықты оқиғаларға толы. Онсыз болмайды. Бірақ, Астанадан Қарағандыға барар жолда қатты қорыққанымыз рас. Автобанды қар басып қалғандықтан спектакльге айналма жол арқылы баруға тура келді. Боран басталып кетті, жолдың бәрін қар басып қалған… Терезеден ақ қар мен бұрқасыннан басқа түк көрінбейді. Басқа машиналармен бірге жолдың ортасында қалдық. Қатты қорқынышты, әрі суық», – деп жазды өзінің Instagram парақшасында А.Волочкова.

    «… Мен қатты қорықтым, актерлар машинамен әуре болып жатқанда тоңып та қалдық. Мен қиындықты жеңе білемін, бірақ осы боранда қалғанда, үрейін ұшқаны рас. Сегіз сағат жолда болдық», – деп аяқтайды сөзін ол. Осыған қарағанда балеринаның қатты қорқып қалғанын есепке алмағанда, бәрі сәтті аяқталған сыңайлы.

     Прима-балеринаны тығырықтан алып шыққан жүргізушінің аты белгісіз. Тек, «Нурик» деп қана аталыпты. Қиын жағдайда қалдырмай, тығырықтан алып шыққан жүргізушіге ол өзінің алғысын білдірді.

     Көрерменін таң қалдыру А.Волочкованың әдетіне айналған. Қарағанды жерінде болған бұл оқиғаның да оның беделіне нұқсан келтірмей, қайта асқақтата түспек. Дегенмен, «Где, Где, в Караганде!» делінетін сөз тіркесіне қатысты айтылар тағы да бір қызықты оқиғаның қосылғаны анық…

Салтанат ИЛЬЯШЕВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button