АймақБұқар жырау

Жоғалған әйел табылды

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіне 1983 жылы туған әйелдің 3 танысымен бірге саңырауқұлақ теруге шығып, қайтып оралмағандығы туралы хабарлама түседі.

Әйелді іздестіру жұмыстары Бұқар жырау ауданына қарасты Корнеев ауылдық округінің маңында жүргізілді.

Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылып, нәтижесінде түнгі сағат 2.45-те іздестіру тобы жоғалған әйелді тапты. Керней ауылынан 18 шақырым жерден табылған әйел адам медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті табиғат аясына шықпас бұрын әрқашан ауа-райы болжамын тексеріп, ұялы телефоныңызды қуаттап, қайда баратыныңызды және қашан оралатыныңызды туыстарыңызға айтып, олармен байланыста болудың маңызды екендігін ескертеді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button