Бас тақырыпЖезқазған

Жезқазғандықтар сапалы ауыз сумен қамтылды

Жезқазғандықтар мен қала маңындағы елді-мекен тұрғындарының басты мәселесі оң шешімін тапты. Су жүйелері күрделі жөндеуден өтіп, Жезқазған қаласы, Талап және Пристанционный кенттерінің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жөндеу жұмыстарды “Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының” аясында жүргізілген. Талап ауылындағы су жүйлері 1960 жылдан бері алғаш рет жөнделген.  Суды үйлерге тарту үшін ауылда үш сорғы орнатылды, заманауи модульді сорғыш станциясы салынып, 12 құдық жасалды. оған облыстық бюджеттен 223 миллион теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстарында отандық өнім өндірушілердің материалдары қолданылды. 
Пристанционный кентіндегі үйлердің барлығы  орталықтандырылған су құбырына қосылды. 
Жезқазғанның өз басында өткен жылы сумен қамту жүйелерінің 5 жаңа нысаны салынды, төртеуінде күрделі жөндеу жүргізілді, ал екеуі демонтаждалды. Бұл жобаларды жүзеге асыруға 12 миллион теңге жұмсалды. Қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. Айта кету керек, барлық нысандарға мердігер компания үш жылдық кепілдеме берді. 
Биылғы жылы Балқаш маңындағы Саяқ кентінде су таратқытың құрылысы басталады. Ауыл тұрғындары үшін ауыз суды елді мекеннен 15 шақырым қашықтықта орналасқан жер асты көзінен алып отырады. Жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын қаражаттың көлемі алдын ала болжам бойынша 919 млн теңгені құрайды. Ауқымды жоба ұңғыма қазуды, су тазартқыш станциясының және су бөгетінің құрылысын қарастырады. 
Барлығы 2018 жылы Қарағанды облысында 230 шақырымнан астам су тарату және кәріздік жүйелер салынды және қалыпқа келтірілді. Сапалы ауыз сумен өңірдің 236 мың тұрғындары қамтамасыз етілді. 
Биылғы жылы Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша атқарылатын жұмыстар жалғастырылады. Алдағы уақытта 300 шақырымнан астам су және кәріз жүйелерін жөндеу және салу жоспарда тұр. Олардың 128,3-і қалаларда, 174,8 шақырымы ауылдық жерде. 
 

Басқа материалдар

Back to top button