Бас тақырыпРесми

Жезқазғанда – жаңа әкім

Жезқазған қаласына жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ қаланың жаңа әкімін таныстырды. Бұл қызметке Қайрат БЕГІМОВ тағайындалды.

– ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және қалалық мәслихаттың келісімімен Қайрат Баяндыұлы Бегімов Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды. Қайрат Баяндыұлының еңбек жолы негізінен коммуналдық сала және құрылыспен байланысты болды. Сол себепті Жезқазған қаласының әкімі қызметіне үміткерлерді қараған кезде біз қаланың негізгі мәселелері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығымен байланысты екенін ескердік, – деді Ерлан Қошанов.

Жезқазғанның бұрынғы әкімі Батырлан Ахметов өз еркімен қызметінен кеткен болатын. ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген тағайындау тәртіптеріне сай, жаңа қала жетекшісінің кандидатурасы кезектен тыс сессияда жергілікті мәслихат депутаттарына ұсынылды. Депутаттар бір ауыздан үміткер Қайрат Бегімовті қолдады

Қайрат Баяндыұлы Бегімов 1968 жылдың 23 ақпанында Қарағанды қаласында туған.

Екі жоғарғы білімі бар. 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2004 жылы Алматының экономика және статистика академиясын тәмамдады. Мамандығы бойынша «Өнеркәсіп көлігінің инженері», «Қызметкерлерді басқарушы, экономист»

Еңбек жолын «Қарағанды көмір» бірлестігінде жекешелендіру және тұрғын үй бойынша бөлімнің басшысы болып бастады.

90-шы жылдардың соңында, ең үлкен коммуналдық дағдарыс болғанда, Қайрат Бегімов Қарағанды аудандарының бірінде ТҮШК бөлімін басқарды. Кейін Октябрь ауданының әкімі, Қарағанды қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары, кейін облыстың құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.

2015 жылдың шілде айынан бастап жаңа тағайындауға дейін облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасын басқарды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button