Жерлестердің халықаралық байқауда бағы жанды
Алматыда «Атакент» халықаралық көрме орталығында қала әкімінің кубогы үшін «Almaty TECHCUP-2023» VIII Халыаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар бойынша ашық чемпионаты өтті. Осы байқауға облыс атынан қатысқан «Мұрагер» мамандандырылған мектеп лицей интернатының командасы жеңімпаз атанып, халықаралық турнирге жолдама жеңіп алды.

Чемпионаттың мақсаты – дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау, әрі қолдау көрсету. Байқауға Қазақстанның түпкір-түпкірінен және Қырғызстан мемлекетінен 1 500 оқушы қатысты.
Нәтижесінде жерлестеріміз яғни, «JelToqSun» командасы First Lego League санаты бойынша турнирдің абсолютті чемпионы атанды. Сонымен қатар, Үндістанда (Goa қаласында) өтетін халықаралық турнирге жолдамаға әрі 1 млн. теңге ақшалай сыйақыға ие болды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz